Фейк | Қазақ ұлтын жою мақсатында ашаршылық қолдан жасалып жатыр

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде “қазақ ұлтын жою мақсатында ашаршылық қолдан жасалып жатыр” деген контексте сәбіз бен картоптың шашылып жатқан видеосы тарауда. Видеодағы автордың айтуынша, еліміздегі қымбатшылықты қолдан жасау үшін мемлекет осындай әрекетке барып жатыр-мыс. Factcheck.kz видеоны тексеріп көрді.

Қазіргі міне ел тізгінін ұстап отырған тексіздер қазақты жою мақсатында, ұлтты жою мақсатында қолдан ұйымдастырып мына қымбатшылықты жасап жатыр. Қазақтар ояныңдар, кеш болмай тұрғанда ояныңдар, көздеріңді ашыңдар.

Видеодағы автордың сөзі – түпнұсқа түрінде берілді

Үкім: Фейк

Біріншіден: Видео монтаждалған әрі жапсырылған. Оны жоғарғы оң жағындағы “Kine master” деген жазудан байқауға болады.

Kine Master – видеоны монтаждауға арналған мобилді қосымша. Android-қа да, IOS-қа да арналған түрлері бар.

Екіншіден: Видеода автор сөзімен қатарлас орысша сөздерді естиміз, яғни дайын видеоның үстіне қазақша аудио қосқан. Қазіргі еліміздегі экономикалық жағдайды пайдаланып, қарапайым бір адамның әуесқой видеосының үстіне өзінің айтарын қосып, арандатқан. Әуесқой видеода автор өзінің қалай картоп жинағанын баяндайды.

Сонымен қатар, видеода “қазақты, қазақ ұлтын” дегенді тіркестерді кездестіреміз, ал Қазақстанда қазақтан басқа да ұлттар мен ұлыс өкілдерінің тұратынын ескерсек, логикаға сыймайтынын аңғарамыз.

Ал видеоның нақты қай жерде әрі қашан түсірілгені туралы ақпарат таппадық.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz