Фейк | БҰҰ тарих пен мәдениетті аяққа таптаған билікті құлатуды мақұлдады

UPD (06.09.2021): мәтіннің АҚШ Тәуелсіздік декларациясына ұқсайтын кейбір тұсы туралы бөлік қосылды.

Желіде мәтіні бар сурет белсенді таралып жатыр, онда былай делінеді: ел билігі ұлт мүддесіне, оның мәдениеті мен тарихына, өзге де қажеттігіне қызығушылық танытпаса, ұлттың билікті құлатуға құқы бар. Бұл хабарлама Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында айтылған-мыс.

Фейк | БҰҰ тарих пен мәдениетті аяққа таптаған билікті құлатуды мақұлдады

Үкім: Фейк

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы преамбулалардан және 30 мақаладан тұрады. Жоғарыда келтірілген тұжырымдама ешбір преамбулада да, ешқандай мақалада да кездеспейді. 

Декларацияның кіріспе бөлімінде таралып жатқан мәтінге мағыналас болмаса да, бірнеше кілт сөздері ұқсайтын пункт бар.

…адамдардың соңғы амал ретінде зұлымдық пен езгіге қарсы көтеріліске шығуына, соған дейін баруына мәжбүр болмауын қамтамасыз ету үшін адам құқықтары заң үстемдігі арқылы қорғалуы керек екеніне назар сала отырып… Бас Ассамблея Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын барлық халық пен мемлекет орындауға ұмтылуы керек міндет ретінде жариялайды…

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының преамбуласынан үзінді

Дегенмен бұл тұжырымның мағынасы – азаматтардың құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және адамды бүлікке итермелейтін зұлымдықты болдырмау үшін заңдарды сақтау. Қалай болғанда да, декларацияның бұл үзіндісінің мазмұны интернетте таралған мәтін мәлімдемесіне сай келмейді.

Осылайша, таралған суретте көрсетілген Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы «үзіндісі» жалған болып шықты және БҰҰ осы ақпаратта көрсетілгеніне қарамастан, ол БҰҰ-ның қолданыстағы құжатына сүйенбейді. Хабарламаның «тақырып-мәтіні» деген құрылым «шын декларациядан» үзінді ретінде «келтірілген» екен.

АҚШ Тәуелсіздік декларациясы

Мәтіні бар сурет АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясын еске түсіртеді, онда былай делінген:

«Әрине, сана бұрыннан құрылған үкіметтер маңызды емес және уақытша жағдайлардың әсерінен өзгермеуін талап етеді; солайша, барлық өткен тәжірибе адамдар өздерінің үйреншікті үкімет формаларын жою құқығын пайдаланудың орнына, оларға төзуге болатын уақытқа дейін шыдай беруге бейім екенін растайды. Бірақ ылғи бір мақсатқа бағынатын ұзақмерзімді қатыгездік пен зорлық-зомбылық – халықты шексіз деспотизмге көнуге мәжбүрлейтін жасырын ниет дәлелі, мұндай үкіметті құлатып, болашаққа қауіпсіздіктің жаңа кепілдіктерін жасау адамдардың құқығы мен жауапкершілігіне айналады».

Америка Құрама Штаттары: Конституция және заңнама. Редакторы: О.А.Жидкова. Аударған: О.А.Жидков. М.: Прогресс, Университет, 1993 ж.

“Prudence, indeed, will dictate that Governments long established should not be changed for light and transient causes; and accordingly all experience hath shewn, that mankind are more disposed to suffer, while evils are sufferable, than to right themselves by abolishing the forms to which they are accustomed. But when a long train of abuses and usurpations, pursuing invariably the same Object evinces a design to reduce them under absolute Despotism, it is their right, it is their duty, to throw off such Government, and to provide new Guards for their future security”

Америка Құрама Штаттары Ұлттық архивінен алынған үзінді

Бұл жерде шексіз деспотизм болғанда билікті құлату туралы халықтың құқығы мен міндеті жайлы үзінді назар аудартады (таралған хабарлама мәтініндегі ұлт құқықтарымен және міндеттерімен салыстырыңыз). Дегенмен Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік декларациясында биліктің белгілі бір мәдени және тарихи қажеттіктерді дамытуға дайын еместігіне қарсы тұру туралы айтылмайды. Оған қоса, 1776 жылғы құжатта мемлекет маңызды емес және уақытша жағдайларға байланысты өзгермеуі керек екені жазылған. Құжатта авторлардың сол кездегі билікке наразылығының бірнеше себебі егжей-тегжейлі сипатталған.

Фейк | БҰҰ тарих пен мәдениетті аяққа таптаған билікті құлатуды мақұлдады
Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік туралы декларациясы, 1776 ж.

Қорытынды:

Таралған мәтіні бар сурет мазмұны БҰҰ адам құқықтары туралы декларациясының үзіндісінен гөрі Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік декларациясы үзіндісіне ұқсайды. Қалай болғанда да, ол қазір таралған хабарлама ретінде жаңылыстырады, өйткені бұл үзінді емес, тіпті Адам құқықтары туралы декларацияны жалпылау емес. Мәтін АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясын қайта қарауды шығармашылық тұрғыдан ойлаудың нәтижесі болуы мүмкін екені хабарламада көрсетілмеген (оның үстіне, мұндай қайта қараудың мәні жоқ, өйткені ол бәрібір де 1776 жылғы түпнұсқа құжат авторларының ойларына сай келмейді).

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz