Фейк | Бельгияда ұлттық отбасылық құндылықтарды дәріптегені үшін түрмеге қамайды

Ресей мен Бельгияның бірқатар сайттары «Бельгия әлемде бірінші болып ұлттық отбасылық құндылықтарды дәріптегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады» деген ақпарат таратып жатыр. Осы материалдарға сілтеме жасаған посттар Facebook, Одноклассники және басқа да әлеуметтік желілерде танымал болды. Олардың жалпы мазмұны мынадай:

Бұрын Бельгияда кәмелет жасына толмағандарды гетеросексуалдыққа насихаттағаны үшін ғана қылмыстық іске тартылса, енді бұл тыйым насихат жасаудың барлық түріне қатысты болмақ. Оның ішінде діни ұйымдар мен қауымдар да бар. Парламент спикері Марк Кааскопер құжаттың қабылдануын «Бельгия халқының зұлмат пен ескішілдікке қарсы тарихи жеңісі» деп бағалады. Заң 2020 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.

Үкім: Фейк

Бұл «Панораманың» жариялаған тағы бір фейкі. Бельгия мұндай заң қабылдаған жоқ, «кәмелетке толмағандарға гетеросексуалдықты насихаттау» туралы ештеңе жоқ, ал Бельгияның өкілдер палатасы мен Сенат спикерлерінің аты Зигфрид Бракке және Сабин Ларуэль. Оған қоса, Бельгия дінге қатысты мемлекеттің қолдауына ие дәстүрлі және діни ел.

Еске сала кетейік, Panorama.pub сайтындағы барлық «жаңалық» ойдан шығарылған және шындыққа жанаспайды. Бұған дейін біз осы секілді фейктерді талдағанбыз, мәселен, «зорланған еуропалық әйелдер мигранттардан кешірім сұрады» немесе Стивен Хокингті жыныстық зорлық-зомбылыққа айыптады.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтап, тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz