ФЕЙК | Буддист мұсылман баланы қинауда

Бүкіл әлем көз тіккен Мьянмадағы оқиғаларға қатысты интернетте және әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар күн сайын емес, секунд сайын артуда. Жалған суреттер мен видеолар туралы  жақында ВВС талдау жасап, жазған еді.

Осы жайттарға қатысты Youtube.com порталы мен Whatsapp мессенджерінде кеңінен таралып жатқан «Буддист мұсылман баланы қинауда» деген видео да шындыққа жанаспайды. Оның Мьянмадағы оқиғаға еш қатысы жоқ.

youtube
Скрин youtube.com порталынан

Үкім: Жалған

Бұл видео порталда өткен (2016 ж.) жылы Камбоджадағы оқиғаларға қатысты жарияланған болатын.

yout1
Ғаламторда 2016 жылы таралған видео
youtube.com порталынан алынды

Бұл жайтқа қатысты жергілікті басылымдарда бірнеше материал жазған болатын. Арабиялық ақпарат растығын тексеруге арналған No Rumors жоғарыдағы видеоға қатысты зерттеу жүргізген еді. Ол кезде де бұл видеоны Мьянмадағы оқиғалармен байланыстырғандар көп болған.

The Cambodia Daily басылымы болса, видео ғаламторда жарияланғаннан кейін полиция арнайы тергеу жұмыстарын жүргізіп, оқиғаға қатысты деген 3 адамды тұтқындағанын жазады. Күдіктілердің біреуі Нидерланды азаматы болса, қалған екеуі Камбоджа азаматы, ал бүлдіршінді жәбірлеген азамат Вьетнам тұрғыны екен.

text
2016 жылы mgronline.com сайтында видеоға қатысты жарық көрген материал

 

Factcheck.kz