Фактчекинг популизммен куресуде – С. Гуриев

Қарашада Алматыда “Ашық экономика” форумы өткені туралы бұған дейін де жазған едік. Форумның биылғы арнайы қонағы – экономика ғылымдарының докторы, SciencesPo университетінің профессоры, Ресей экономика мектебінің бұрынғы ректоры, Еуропа қайта құру және даму банкінің бұрынғы бас экономисі Сергей Гуриев болды.

Сарапшы транзиттік, дамушы және шикізаты бар елдердегі тұрақты және инклюзивті экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі институционалды дамудың рөлі туралы дәрісінен бөлек популизммен фактчекингтің арасындағы ашық соғыс жайында да айтып өтті:

Бір жағынан қарасақ, мобилді интернет наразылықтарды үйлестіру құралы екенін көреміз. Бірақ, екінші жағынан популистер мен автократтар интернетті тексерілмеген ақпарат тарату құралы ретінде пайдаланады деп айта аламын. Мысалға сіздердің қолдарыңыздағы factcheck.kz көмегімен қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген Project Syndıcate басылымы осының бір дәлелі. Және менің ойымша бұл алаң популистер мен фактчекерлер, популистер мен прогрессивті саясаткерлердің арасындағы соғыс үшін өте маңызды. Фактчекингтің көмегі арқылы жалған ақпаратпен күресуге бола ма әлде болмай ма, мен де осы туралы зерттеу жүргізіп жатырмын…

Сергей Гуриев, экономика ғылымдарының докторы

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz