Фактчек | Тоқаев: Алматыға келетін туристер саны артты

17 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы inform.kz сайты жазды. Оңтүстік астананы дамытудың маңызды бағыттарының бірі туризм екенін айтқан Президент бірнеше мәлімдеме жасаған болатын. Әдеттегідей рас-өтірігін тексеріп көреміз.

Соңғы 10 жылда Алматыға өзге елден келушілердің саны үш есеге артқан.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Үкім жоқ

Президент мәлімдемесінде айтқанындай, соңғы он жылдың, яғни 2010-2020 жылдар аралығындағы ресми дерекке назар аударамыз. ҚР Ұлттық Статистика бюросының мәліметінше, 2010 жылы Алматыға өзге елден 144 014 турист келген болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 112 281-ге азайған.

Бірақ, Президент 2009 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықты айтқан болуы әбден мүмкін. Себебі 2009 жылы Алматыға 138 618 турист келген болса, 2019 жылы бұл көрсеткіш – 435 699-ға жеткен. Яғни, осы он жыл аралығында сырттан келген туристер саны үш есе артқан.

Алайда, 2020 жылы Алматыға келген туристер саны күрт азайған. Оған себеп әлем елдеріне ортақ – пандемия. Пандемияға байланысты әуе рейстері тоқтап, шекаралар жабылғаны белгілі. Сол үшін де былтырғы жыл Қазақстан үшін де оңай болмады.

Фактчек | Тоқаев: Алматыға келетін туристер саны артты

…2019 жылы бұл көрсеткіш (Алматыға өзге елден келушілер саны) 435 мыңға жеткен. Ішкі туризм бойынша да оң өзгерістер бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық

ҚР Ұлттық Статистика бюросының мәліметінше, 2019 жылы Алматыға өзге елден келген туристер саны – 435 699. Оның ішінде 115 042-сі демалысқа келген болса, 320 657-сі іскерлік және кәсіби мақсатта келген.

Фактчек | Тоқаев: Алматыға келетін туристер саны артты

Контекст

Президент мәлімдемесінде Алматыда ішкі туризм бойынша да оң өзгерістер бар екенін айтты. ҚР Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылы 624 982 резидент келген, 2009-2019 жылдар аралығында Алматыға еліміздің өзге қаласынан келушілер саны артқан.

Фактчек | Тоқаев: Алматыға келетін туристер саны артты

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz