Фактчек | Тез дайындалатын кеспе – адам денсаулығына өте қауіпті ГМА өнім

Тез дайындалатын кеспелерімен танымал оңтүстіккореялық Ottogi брэнді даудың ортасында қалды. Наурыз айында астаналық ҚДСД (қоғамдық денсаулық сақтау департаменті) кеспенің құрамындағы ГМА-ның мөлшерден тым көп екенін анықтап, көпшілік үшін қолайлы, арзан және дәмді фастфудты адам денсаулығы үшін қауіпті деп таныды. Бұл жаңалықты барлық жергілікті БАҚ таратты.

ҚДСД ескертеді: Джин Рамен қауіпті

Ottogi брэндінің макарон өнімдерінің ішінде «Джин Раменнан» (ащы дәмі бар) рұқсат етілген нормадан асып кететін (0,9%) гендік модификациялық соя табылған.

Астаналық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов БАҚ арқылы қазақстандықтарға: «азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін анықтайтын мониторинг аясында құрамында ГМО мөлшері шамадан көп өнім анықталды»,  деп хабарлады.

Екі күн өткеннен кейін ҚДСД тағы да оңтүстіккореялық екі өнім – «Кляр» мен «Юккедян» ГМО-ның рұқсат етілмеген ең жоғарғы мөлшеріне ие екенін хабарлады (қай компанияның өнімі біздің шекара заңнамасын бұзғанын нақтылап айтпады). Мекеме өкілдері сыртқы қаптамасында ГМО мөлшері туралы ақпарат болмағанын, оны халықаралық аккредитациялық лабораторияда жүргізілген зерттеу арқылы анықтағанын мәлімдеді.

Танымал корей брэндінің жауабы болған күннің өзінде қазақстандық БАҚ бұл туралы тіс жармады. Осы жылдың басынан CFIA (азық-түлік өнімдерінің сапасын анықтайтын канадалық агенттік) да Ottogi брэндінің бірқатар өнімдерін дүкен сөрелерінен алдырып тастауда. Себеп – жылдам әзірленетін кеспенің құрамында «адам өміріне қауіпті аллергиялық әсері бар  жұмыртқа (қаптамасында ол туралы мәлімет жоқ) болуы мүмкін». CFIA  тұрғындарды бұл өнімді лақтырып тастауға немесе дүкенге қайтарып беруге шақыруда.

Фото politeka.net сайтынан алынды

Кеспе нашар ГМО өнімі ме?

Екі жыл бұрын Оңтүстік Корея ГМО-ны маркалау туралы заңды қатайтты. Бұған дейін өндірушілер ГМО мөлшерін егер олар негізгі құраушы өнімнің бестігіне кірсе ғана көрсетуі керек болатын.

Сеул мұндай қадамға әлемнің 64 елі ГМО өнімін маркалауды сұрағаннан кейін барды.

Соңғы жылдары ГМО  әлемдегі даулы өнімге айналды. Өсімдіктердегі гендік инженерия тақырыбына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да аса сақтықпен пікір білдірген. ДДСҰ-ның ресми сайтында ГМО-ға қатысты:

«Теория жүзінде пікірталастар көп болғанымен, негізгі 3 мәселе бар – аллергиялық әсер беру мүмкін екендігі, генге ауысу және ауткроссинг», делінген. Дегенмен ДДСҰ адамдар мен жануарларға, қоршаған ортаға ГМО-ның басқа өнімдерден артық зияны жоқ екенін қоса айтты.

Бәрібір нашар

Астаналық ҚДСД корей кеспесін ақпаратты жасырды деп айыптағанымен қатар, халық денсаулығына жауапты шенеуніктер жылдам дайындалатын кеспенің барлығын (өндірушісіне қарамай) «нашар тағам» деп атады.

«Бұл өнімнің құрамында біздің ағзамызға пайдалы әрі қажет ештеңе жоқ. Глютамат натрия – дәм арттырғышы «есірткі» тәрізді, тез үйренісу мен тәуелділік тудырады. Пальма майы мүлдем қорытылмайды, ағзада жинақталып, оның жұмысын бұзады. Дәмдеуіштер, қышқылды реттегіш, тұздың көптігі, пальма майы секілді өнімдер асқазан жарасы немесе гастриттің туындауына және қозуына, ісік пен бауыр ауруларының пайда болуына, семіздікке, кардиологиялық мәселелердің туындауына себеп болуы мүмкін. Мұндай аурулар дәм күшейткіштер, тотықсыздандырғыш пен стабилизаторлардың көп мөлшерде болуына байланысты туындайды», – деді ҚДСД.

Үкім: Жартылай шындық

Бір жағынан, жоғарыда ҚДСД атаған консерванттар, тотықсыздандырғыш, реттегіш сынды басқа да қоспалар заңмен рұқсат етілген, яғни олар адам денсаулығына аса қауіпті деп айтуға негіз жоқ. Соған қарамастан, жылдам дайындалатын кеспе әсіресе әйел адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұны оңтүстіккореялық ғалымдар жүргізген зерттеу дәлелдеді.

The New York Time Well блогы хабарлағандай,

жылдам дайындалатын кеспені көп жейтін әйелдерде метоболиялық синдром мен жүрек ауруларына шалдығу қаупі жоғары.

Бірақ мұндай қауіп ер адамдарда байқалмаған.

Оңтүстік Кореяда жүргізілген келесі бір зерттеуден жылдам дайындалатын кеспені тұрақты түрде жейтін адамдардың рационында ақуыз, фосфор, кальций, темір, калий, ниацин және А, С дәрумендері аз болатыны анықталған.

Жалпы ғалымдардың қорытындысы бірдей: жылдам дайындалатын кеспе пайдалы ас емес, және бұл кеспені айына екі реттен көп пайдаланбасаңыз – сіздің денсаулығыңызға қауіп жоқ.

Катерина Клеменкова