Фактчек | Перуашев: ҚР-нан сыртқы қарызға немесе ЖІӨ-ге тең қаржы заңсыз шығарылған

2020 жылдың 5 ақпанында өткен ҚР Парламентінің пленарлық отырысында Мәжіліс депутаты және «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев мынадай мәлімдеме жасады:

Халықаралық Global Financial Integrity сарапшыларының соңғы бағалауы бойынша, оффшорға заңсыз түрде шығарылған [Қазақстаннан – ред.] қаражат 167 миллиард долларға тең екенін көрсетті. Бұл сомма республиканың сыртқы қарызы немесе жылдық ЖІӨ-не тең.

Басқаша айтқанда, болжам бойынша, жемқорлар елден жалпы сыртқы қарыз соммасын немесе жылдық айналымын алып кеткен. Мұндай астрономиялық соммалар дәлелденген дерекке қарағанда сарапшы бағалауына жақын.

Азат Перуашев

Үкім: Жартылай шындық

Global Financial Integrity (GFI) зерттеу ұйымының есебінде Қазақстанға қатысты 167 миллиард доллардың айтылатыны рас. Дегенмен бұл санға оффшор ғана емес, басқа да елден заңсыз ақша алып шығу әрекеттері кіреді. Оның қатарында – есепшоттармен жасалатын астыртын әрекеттер, есірткі, адам саудасы, заңсыз мекен-жай жасату, қару-жарақ контрабандасы және басқалары бар. GFI өзге зерттеушілер секілді Қазақстан мен басқа елдер оффшорға нақты қанша сомма шығаратынын айтпайды.

Мұндай қаржыны елден қашан шығарып үлгерген?

GFI-дің 2015 жылғы есебіне сәйкес, 2004-2013 жылдар аралығында. Айтпақшы, жаңа бағалаулар да бар: GFI-дің 2019 жылғы соңғы зерттеуінде Қазақстаннан 2015 жылы заңсыз шығарылған қаражатқа қатысты екі түрлі сандар көрсетілген:

  • Халықаралық валюта қорының DOTS (Direction of Trade Statistics) базасы бойынша – 7,7 млрд доллар;
  • БҰҰ-ның Comtrade базасы бойынша – 1,8 млрд доллар.

Біз бұрын есептеу тәсілдерінің айырмашылығы мен кемшіліктерін жазғанбыз.

Қысқаша: басқа да кемшіліктерді қоспағанда олар тауарларды ғана есепке алады, қызмет түрлерін қоспайды, сонымен қатар барлық елді қоспайды. Осы тұрғыдан Перуашевтің айтқаны дұрыс: бұл тек сарапшылардың пікірі, шын мәніндегі көлем өзгеше болуы мүмкін.

ЖІӨ және сыртқы қарызбен салыстыруға келсек, оларды бірдей кезеңдерде қарастыру қажет. 2013 жылы Қазақстаннан заңсыз ақша әкету 167 миллиард долларға жеткен болса, сол жылғы қарыз – 137 миллиард доллар болды. ЖІӨ 2013 жылы тәуелсіз Қазақстан құрылғалы бері рекордтық көрсеткішке жетіп, 236 миллиардты құрады, яғни мәжілісмен салыстыруға келгенде дәлдік танытпады.

Жалпы, Перуашевтің негізгі ойы дұрыс: елден үлкен соммаларды қайда әкетіп жатыр және оларды қашан қайтарады (қайтара ма)?

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz