Фактчек | Нұртөре Жүсіп: МӘМС туралы

21 маусымда Парламент қос палатасының біріккен отырыс өтті. Отырыс барысында жоғарғы палата депутаты Нұртөре Жүсіп МӘМС туралы бірқатар статистикалық деректер келтірді. Осы орайда Factcheck.kz сайты депутаттың мәлімдемелерін тексеріп көрді.

Ресми деректер бойынша, медициналық сақтандыру жүйесінде 15,6 млн адам қамтылған, яғни 83,7%.

Нұртөре Жүсіп, сенат депутаты

Үкім: Жартылай шындық

Медициналық сақтандыру қорының мәліметі бойынша, қазіргі таңда 15,9 млн адам МӘМС алған. Ол жалпы халықтың 83,85%-ін құрайды.

Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 95%-ды құрайды.

Нұртөре Жүсіп, сенат депутаты

Үкім: Үкім жоқ

Бұл жерде депутаттың нақты бір мемлекетті атап айтпағанын көріп отырмыз, сондықтан да нақты дәлел келтіріп, үкім шығару қиын. Десе де, салыстыру үшін бірнеше дамыған мелекеттің деректерін қарастырдық.

БҰҰ-ның статистикасы негізіндегі ТОП-10 мемлекеттің медициналық сақтандыру көрсеткішін қарасақ 8 мемлекет 95%-тен жоғары қамтылған. Оның ішінде 9 мемлекет экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) құрамына кірсе, Гонконгты бөлек қарастырамыз. Санақ және статистика бөлімінің есебі бойынша, 2016 жылы 3,26 млн немесе 47% халық медициналық сақтандырылған. Оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру полисін алғандар – 1,47 млн, топтық полис алғандар – 0,86 млн және 0,92 млн адам екі түрлі сақтандыру полистерін алған.

Төмендегі инфографикадан ЭЫДҰ-на кіретін 37 мемлекет (Ресейді қосқанда 38) халқының жалпы медициналық сақтандырумен қамтуын көре аласыздар.

Фактчек | Нұртөре Жүсіп: МӘМС туралы

Сонымен қатар, соңғы 10 жылдағы статистикалық өсімді мына жерен қарай аласыздар.

2020 жылы жалдамалы жұмыскерлердің саны 6 млн 702 мың адамды, өзін өзі жұмыспен қамтыған халықтың саны 2 млн 78 мың адамды құраған.

Нұртөре Жүсіп, сенат депутаты

Үкім: Шындық

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2020 жылы жалдамалы жұмыскерлердің саны – 6 млн 686 мың адамға жетті, ал өзін өзі жұмыспен қамтыған халық – 2 млн 45 мыңға жетті. Депутат келтірген деректерден айтарлықтай айырмашылық байқалмағандықтан, шындық ретінде қарастыруға болады.

Алайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 44%-нан және жалдамалы жұмыскерлердің 76%-нан ғана түсімдер түскен.

Нұртөре Жүсіп, сенат депутаты

Үкім: Жартылай шындық және жалған

Жартылай шындығы мынада: Медициналық сақтандыру қорының бізге берген мәліметі бойынша, жалдамалы жұмыскерлердің 83,76% немесе 5,6 млн адам МӘМС төлеген.

Жалғаны мынада: Ал өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдардың 2,5 млн-ы МӘМС төлеген. Бұл шамамен 122,2%. Неге былай болғанын төменде тарқаттық.

Бұл жерде мынаны ескере кету керек: Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылы өзін өзі жұмыспен қамтығандар саны 2 млн 45 мың болды, ал МӘМС төлегендер 2,5 млн адам. 2020 жылы карантин кезінде бір реттік көмек (42 500 тг) алу үшін міндетті түрде Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеу керек болды. Ал БЖТ болса төлемнің 4 түрін қамтиды:

  • Жеке табыс салығы (ЖТС);
  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
  • БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдері;
  • Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру (МӘМС) қорына аударымдар.

Сол үшін де кемінде бір рет БЖТ төлеген адам МӘМС-ті де төлеген. Бұл азаматтар міндетті түрде сақтандырылған деп айтуға келмейді. Сондықтан да, 2020 жылдың қорытындысы бойынша, өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың санынан МӘМС төлеген адамдар санына көбірек. Ал осы МӘМС төлеген 2,5 млн адамның 1,9 млн-ы бірінші рет төлеген.

Осылайша, тұрақты расталған кірісі жоқ 3 млн қазақстандық бүгінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің негізгі көлеміне қол жеткізе алмай отыр.

Нұртөре Жүсіп, сенат депутаты

Үкім: Шындық

Үлттық статистика бюросының 2021 жылдың 1 қаңтарындағы дерегі бойынша халық саны 18 млн 879 мың адам болғанын ескерсек, МӘМС алмағандар – 2 млн 979 мың болады.

Контекст

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі іске қосылды. Жүйе бойынша мемлекеттік жеңілдікке ие азаматтардан бөлек әрбір азамат МӘМС-ке жарна төлеуі міндетті. Яғни айлығыңыздың белгілі бір мөлшерін мемлекетке өзіңізді медициналық сақтандыру үшін төлейсіз. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың медициналық қызметтерді тең алуына мүмкіндік береді.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz