Фактчек | Назарбаев 30 жылдағы Қазақстан жетістіктері туралы

28 сәуірде астанада экс-президент Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы өтті. Сессия «Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» тақырыбына арналды. Назарбаев съезге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері қол жеткізген жетістіктерін айтып өтті. Біз оның мәлімдемесіндегі нақты деректерді тексердік.

Мәлімдеме: Бүгінде Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді және әлемдегі кіріс деңгейі ортадан жоғары елдер тобына жатады

Нұрсұлтан Назарбаев

Үкім: Шындық және манипуляция

Шындығы мынада: Назарбаев нақтыламады, бірақ шамасы, әңгіме Дүниежүзілік банк пен Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингілері туралы болып отыр. Олар осы статистиканы жариялайды және Назарбаев осы тақырыптағының бәрін сол статистикаға сүйеніп айтып отыр.  Шынында да, кейбірі 2019 жылы алынған мәліметтерге негізделген болса да, ондай деректер бар. Иә, біз кірісі ортадан жоғарғы деңгейдегі елдер тобына кіреміз.

Манипуляциясы мынада: Қазақстан өте жақын қалғанымен, WEF индексі бойынша, бәсекеге қабілетті ТОП-50-ге кірмейді.

Елдің бәсекеге қабілеттігі туралы сөз болғанда, салыстыру үшін World Economic Forum-ның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі келтірілген. Бұл рейтинг ең объектив және ауқымды болып саналады. Онда әлемнің 141 еліндегі экономикалық жағдай салыстырылады. Осы рейтингі бойынша, Қазақстан 55-орын алады, яғни ол алғашқы 50-ге кірмейді. Оның үстіне, World Economic Forum-ның кейінгі есебі 2019 жылы жарияланған, одан жаңа ақпарат жоқ.

Жаһандық бәсекеге қабілеттік индексі 103 индикатордан тұрады. Әр көрсеткіш 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша бағаланады және рейтинг жүйесі бойынша экономиканың идеал жағдайға қаншалық жақын екенін көрсетеді. Қазақстанның ең нашар көрсеткіші қаржы жүйесінде: біздің мемлекет бұл көрсеткіш бойынша 104-орында тұр. Еңбек нарығы (25-орын) және бизнес динамикасы (35-орын) жоғары ұпай жинады.

Фактчек | Назарбаев 30 жылдағы Қазақстан жетістіктері туралы

Бұл мәлімдеменің объективтігіне де күмәндануға болады, өйткені әлем елдерінің бәсекеге қабілеттік деңгейін бағалайтын бірнеше халықаралық рейтинг бар. Мысалы, БҰҰ-ның өнеркәсіпке бәсекеге қабілеттік индексінде (UNIDO) 2020 жылы Қазақстан 152 елдің ішінде 68-орында тұр.

INSEAD халықаралық бизнес академиясы Adecco Group және Google-мен бірге жасаған GTCI индексінде Қазақстан рейтингідегі 132 елдің ішінде 54-орынға ие.

Халықаралық басқаруды дамыту институты (IMD) бойынша бәсекеге қабілеттік рейтингісі де бар. Бұл әлемдік индексте Қазақстан 42-орында тұр. Дегенмен бұл ұйым өзінің бәсекеге қабілеттігін 63 ел арасында ғана бағалайды.

Дүниежүзілік банк бағалауы бойынша, Қазақстан кірісі орташадан жоғары елдер тобына кіреді. Классификация былтырғы жан басына шаққандағы жалпы ұлттық кірістің (ЖҰӨ) болжамды деңгейіне негізделген.

Дегенмен мұнда да 2019 жылға мәліметтер берілген, сондықтан нақты жағдайды толық көре алмаймыз. Сонымен қатар, банк өкілдері жыл сайын елдерді жіктеу шарттарын өзгертеді, сондықтан болашақта жағдай өзгеруі мүмкін. Іріктеу былтырғы жан басына шаққандағы жалпы ұлттық кірістің (ЖҰӨ) болжамды деңгейіне негізделген. Қазір бұл көрсеткіш 4 046-12 535 доллар болып тұр, былтыр ол 3 996-дан 12 375 долларға дейін есептелген.

Мәлімдеме: Тәуелсіздік жылдары елдің жан басына шаққандағы ЖІӨ-сі 13 есе өсті

Нұрсұлтан Назарбаев

Шындық

Статистика комитеті мәліметі бойынша, 1993 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім $696,2 болды. 2020 жылы бұл көрсеткіш 9 055,8 долларға тең болды. Көрсеткіштер 13 есе өсті, сол динамиканы CEIC Data халықаралық дереккөзі растайды. Дүниежүзілік банк та осындай бағалауды ұсынады, бірақ оның деректері Статистика комитеті ұсынған мәліметтерден аздап ерекшеленеді. 1995 жылға дейін халықаралық ұйым, керісінше Қазақстандағы жан басына шаққандағы ЖІӨ туралы мәліметтерді асыра бағалайды.

Мәлімдеме: 1991-1992 жылдары Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанда 1500 кәсіпорын тоқтады. Жұмыссыздық 2 миллион адамға жетті. 47,5% кедейлік шегінен төмен өмір сүрді. Бүгінгі таңда бұл 47% – 10%-тен төмен. Оны кез келген басқа дамыған елдің кедейлігімен салыстыруға болады. Ал жұмыссыздық үш есе төмендеді.

Нұрсұлтан Назарбаев

Үкім: Манипуляция

Экс-президент тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы жұмыссыз азаматтардың саны туралы нақты емес деректерді келтіреді. Сол кезеңде кедейлік шегінен төмен өмір сүретін адамдар санында да қате бар. Ресми дерек бойынша, Қазақстандағы кедейлік деңгейін басқа дамыған елдермен салыстыруға болады, бірақ ресми статистика әрқашан объективті бола бермейді.

Статистика комитеті мәліметі бойынша, елдегі ең жоғары ресми жұмыссыздық деңгейі 1996 жылы байқалды, сол кезде жұмыссыздар саны 970 мың адамға жетті. 2020 жылы елде 453 мың азамат жұмыссыз болды. Бұл көрсеткіш екі еседен сәл көп қысқарды. Дегенмен жасырын жұмыссыздықты есептеу күрделігін ескере отырып, бұл деректер жағдайды дәл көрсетпеуі мүмкін.

Кедейлік шегінен төмен өмір сүретін адамдардың ең үлкен проценті 2001 жылы тіркелген, ол кезде бұл көрсеткіш 46,7%-ке тең болды. Осы уақытқа дейін халық арасындағы кедейлік деңгейі 40%-ке дейін де көтерілген жоқ.

Қолда бар мәлімет бойынша, 1996 жылы табысы күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесі – 34,6%, 1997 жылы – 38,3%, 1998 жылы – 39%, 1999 жылы – 34,5%, 2000 жылы – 31,8%.

Бүгінде ресми статистика бойынша, азаматтардың 4,3%-і ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз табыс табады. Бір қарағанда, бұл көрсеткіш шынымен де дамыған елдердегі кедейлік деңгейімен салыстырылады.

Фактчек | Назарбаев 30 жылдағы Қазақстан жетістіктері туралы

Дегенмен біз кедейліктің бұл деңгейін Статистика комитеті әдістемесін ұстанған кезде ғана көреміз. Бұған дейін айтқанымыздай, БҰҰ немесе Дүниежүзілік банк қолданатын стандарттарды пайдаланар болсақ, кедейлік шегінен төмен өмір сүретін халық саны екі-үш есе көп болады (2016 жылы бұл мәліметтердің 6 есе айырмасы болды). Бұл – Комстат ақпаратының Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің мәліметтерінен мезгіл-мезгіл ерекшеленуінің бір себебі.

Оның үстіне, Қазақстан депутаттары да кедейлік деңгейі туралы ресми статистика проблемалары туралы бірнеше рет айтты.

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz