Фактчек | Микаэлян азық-түлік нарығын тұрақтандыру мен баға белгілеу туралы

19 ақпандағы мәжілістің кезекті пленарлық отырысында депутат Наринэ Микаэлян бірқатар қызықты мәлімдеме жасап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мен отандық тұтынушыларға отандық өндірушілердің жету мүмкіндігін жеңілдетуге қатысты премьер-министрге сауал жолдады.

Пікір: Алқаптан алынған азық-түлік өткізу жеріне жеткенше 2-3 есеге қымбаттайды, ал бөлшек сауда жасайтындар ол бағаны тағы да 50-60%-ға көтереді. Бұдан басқа, тауар құнынан 30%-ға дейінгі көлемде ретробонустарды әртүрлі қосымша қызметтермен бүркемелеп, бопсалап алу тәжірибесі де бар. Бұл сауда субъектілерінің шығындарының құрамына кіруі тиіс.

Наринэ Микаэлян

Үкім: Манипуляция

Бір қарағанда, депутаттыкі дұрыс, оған отандық тауар өндірушілерден картоптың бағасын анықтап (келісі, орташа есеппен 50-60 теңге), оны Алматы қаласындағы (105-115 теңге шамасында) бағамен салыстыру арқылы көз жеткізуге болады. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ақпараты бойынша 2020 жылдың қаңтар айында бұл өнімнің ең төменгі бағасы Павлодарда (78 теңге), ал ең жоғарғы бағасы Ақтауда (128 теңге) тіркелді.2 есеге қымбаттаған тәрізді көрінеді. Егер бөлшек сауда жасайтындар оған тағы 50 % қосса, картоптың бағасы адам сенгісіз болар еді.

Бірақ әңгіме картоп туралы болғанда (басқа өнім болса да) жәй ғана бағаны есептей салуға болмайды. Өйткені өз бағасы деген ұғым бар, оған өндіру бағасы ғана емес, сақтау мен өткізу құны да кіреді.

Мәлімдемені растау немесе жоққа шығару үшін өндірушілер (бұл жағдайда ауылшаруашылығы өндірушілері) мен сатушылардың пікіріне жүгіну қажет тәрізді.

Андрей Стрелец (Стрелец АВ ЖК мен Стрелец Экологиялық егін шаруашылығы ЖШС) пікір білдірді:

“Барлығы аймақ пен өнімге байланысты. Сондай-ақ, күзгі баға көктемнен ерекшеленеді, өйткені оған қысқы кезеңде сақтауға арналған шығындар қосылады. Жалпы түсім 10 ең көп дегенде 15%-ды құрайды. Мүмкін, базардағы саудаға қатысты айтылғанда үлкен үстеме қосылуы мүмкін, бірақ мұны, мәселен,  біздің мекеме жұмыс істейтін желілік ритейлерлерге қатысты айта алмаймыз. Базарда да объективті нарықтық себептерге байланысты маржа 10-15% -дан аспауы тиіс.

Көптеген ауылшаруашылығы өндірушілері өз өнімдерін жеткізгісі, тіпті қаптағысы келмейді. Көбіне оны көтерме бағамен сатып, логистика мен саудаға бас қатырмаған жеңілірек. Павлодарды мысалға алайық. Сіз келісіне 60 теңге төлеп көтерме картоп сатып алып, оны Алматыға жібермек болдыңыз. Тасымалдауға шамамен келісіне 17-ден 25 теңгеге дейін кетеді. Алматыда картопты көтерме бағамен алуға 90 теңгеден берді. Ары қарай көтерме саудагер өнімді сұрыптайды (бұл өнімнің 3-5%-ы), қойма қызметтері мен жүк тиеушіге шығындалады. Соңында картоптың оңтүстік астандағы бағасы 105-115 теңге болады. Биыл қыста өндірушілер сапасына қарай картопты орташа есеппен 50-65 теңгеден сатты. Желілер әдетте жиын-теріннің алдында немесе жиын кезінде сатып алады. Олар өнімді қажет кезде жеткізіп отырады. Осы жерде делдал (егер бар болса) оның үзілмеуін, логистика мен осы процесске қатысты барлық тәуекелді өз мойнына алады. Ал, біздің ауа райында тәуекелге бару керек екенін білесіздер.

Фермерлер өткізу кооперациясы болып бірігіп, көлік сатып алып, өнімді сақтауға арналған қойма соғып немесе сатып алып, сауда желісімен келісім-шарт орнатқанда ғана өз бағасының төмендеуі мүмкін. Айтпақшы, бізде Павлодарда базардағы картоп 60 теңге. Алматыда алма Астанаға қарағанда 2 есе арзан деп көрейік. Қайталап айтамын, жеткізушілердің барлық обьективті шығындарын ескерсек, ол 10-20%-ды құрайды. Ретробонус туралы мен ештеңе естіген жоқпын».

Ауылшаруашылығы өнімдерінің үстеме бағасы туралы бізге Magnum Cash&Carry PR қызметінің жетекшісі Дмитрий Шишкин былай деп түсіндірді:

«… әлеуметтік маңызы бар тауарларға (картоп, пияз, сәбіз және т.б.) шамамен 7% үстеме қосылады. Жеміс-жидек пен көкөніс санатындағы басқа тауарларға қосылатын үстеме, экзотикалық жеміс пен көкөністі қоспағанда, 10–12%-дан аспайды. Жалпы Magnum компаниясында жаңа піскен жеміс пен көкөністерге қосылатын үстеме 7-9% шамасында. Тауар ашық сөрелерде тұрғандықтан  шамамен 3%-ы сапасын жоғалтып, жарамсыз болып қалады. Яғни факт бойынша маржа 4–6% шамасында. Бұл ретте мыналарға назар аудару керек: Евромонитордан статистика бар, Қазақстанда қазіргі ритейл жалпы нарықтың 31% -ын ғана алады, қалған 69%-ы «сұр аймақта» орналасқан базарлар мен дүңгіршектер. Ресейде, мысалы, нарықтың 74%-ы ритейл. Еуропа мен АҚШ -та – 80-90%».

Пікір: Германияда заңмен белгіленген қатаң тәртіп бар, көтерме саудагер 2% үстеме қосуға ғана құқы бар, ал сауда – 10%. Осындай талаптар Қырғыз мемлекеті мен басқа елдерде де бар».

Наринэ Микаэлян

Үкім: Жалған

Біз неміс заңнамасынан мұндай талаптарды таппадық. Германияда жеміс пен көкөністің орташа бағасы еуропалық орташа бағадан жоғары. Германия бәсекелестікті қорғауда дәстүрлі жұмыс жүргізетіні белгілі. “Азық-түлік пен бөлшек саудада  тікелей баға бекітуге тыйым салу жөніндегі нұсқау” Бундескартелламт (монополияға қарсы комитет) құжатында, мысалы, былай делінген: «Қайта сату кезіндегі бағаларды бақылауға бағытталған бағаны тікелей бекіту шарасы бәсекелестікке қауіп төндіреді».

Енді Қырғызстанға келейік. ҚР заңнамасында да біз осыған ұқсас нормаларды таппадық. Дегенмен, бағаны тұрақтандыру қарастырылған. Ресми деректерге сәйкес, «Қырғыз Республикасының Үкіметі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын мемлекеттік тұрақтандыруды 90 күннен аспайтын мерзімге енгізеді. Баға 20 немесе одан да көп пайызға өскен болса ғана бір ай ішінде бағаларды мемлекеттік тұрақтандыруды енгізеді».

Ауылшаруашылық мәдениеті ішіндегі әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне картоп, күріш пен бидай кіреді.

Айтпақшы, үстеме мен картопты өткізуге келгенде қырғыздарда да біздікіндей мәселе бар, тіпті бізден де көп болуы мүмкін.

Айгерим Мекишева
Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)