Фактчек | ҚазҰУ Гамбург университеті мен Франция саяси элитасының ұстаханасын басып озды

Британдық Quacquarelli Symonds (QS) компаниясы жариялаған университеттер рейтингі биыл көпшілікті таңқалдырды: QS нұсқасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Гамбург университеті мен Франция саяси элитасының ұстаханасы Sciences Po –дан жоғарыда тұр.

Әлемнің үздік жоғары оқу орындарының рейтингін көрсететін QS World University Rankings 2018/2019 тізімін қарап көрейік.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (220 орын) рейтингте әлемге Нобель сыйлығының иегерлерін сыйлаған жоғары оқу орны ретінде танылған Гамбург университетінен (223 орын) жоғары тұр. ҚазҰУ шыныменде ұлы зерттеушілердің шаңырағы болған Гамбург ғылым орталығынан алда ма?

Қазақстандық жоғары оқу орнының рейтингте қалайша танымал еуропалық бәсекелестен басып озғанын және ҚазҰУ-да алған білімді Гамбург университетіне қарағанда беделді деп айтуға бола ма?

QS  нені зерттейді?

Соңғы орында тұрса да, QS тізіміне ену үлкен мақтаныш. Ал әлемнің ең мықты 250 оқу орнының тізіміне ену құрметті талап етеді.

QS рейтингті мына талаптарды ескере отырып жасайды:

  • Академиялық бедел;
  • Қызметкерлердің көпшілік арасындағы белсенділігі;
  • Оқытушылар мен студенттер санының сәйкес келуі;
  • Жұмыс берушілердің пікірі;
  • Негізгі білім беру бағдарламаларындағы шетелдік профессорлар мен шетелдік    студенттердің пайызы.

Бұл көрсеткіштердің әрқайсысын ҚазҰУ мен Гамбург университетін салыстыра отырып қарастырып көрейік.

Академиялық бедел

ҚазҰУ-дың академиялық беделі (33.4) Гамбург ғылыми орталығынан (44.8) төмен болғанымен тізімге енген басқа қазақстандық жоғары оқу орындарынан (ЕҰУ —13.2, ҚазҰТЗУ — 11.9) әлдеқайда жоғары.

Академиялық әділдіктің көрсеткіші білім беру мен зерттеу саласындағы 80 мыңнан аса сарапшылардың пікірінің негізінде анықталады. Сайтта айтылғандай, академиялық пікір академиялық қоғамның көңіл күйін анықтайтын ең үлкен тәсілдің бірі.

Жұмыс берушілердің пікірі мен еңбек дәрежесі

Жұмыс берушілер арасындағы ҚазҰУ-дың беделі Гамбург университетінен екі есе жоғары (48.9 және 22.9). Бұл сауалнама әлемдік деңгейдегі жұмыс беруші ұйымдары өкілдерінен алынған.

QS әлем бойынша 40 мың жұмыс беруші-сарапшылардың пікірін тыңдайды және олардың жартысына жуығы ҚазҰУ түлектерінің бәсекеге қабілетті, жаңашыл, белсенді екендігін айтқан.

ҚазҰУ жұмыс берушілер арасындағы беделінен 48.9 балл жинап, бұл индикатор бойынша 173-ші орынға шықты. Бұл сандарға қатысты дауласуға да болады, бірақ QS көрсеткішті орынды деп есептейді.

«Оқу орны беделінің көрсеткіші біржақты болғанымен, студенттер үшін өте маңызды. Өйткені абитуриент бағалайтын факторлардың ішінде институциалдық бедел прокси-фактор ретінде көрінеді. Бұл бедел бірнеше жылдық сапалы білім беру, зерттеу мен жұмысқа орналасқан түлектердің білімі арқылы жинақталады», — дейді QS қоғаммен байланыс директоры Джек Моран.

Бір оқытушыға шаққандағы студент саны

Бір оқытушыға шаққандағы студенттер саны ҚазҰУ-да (99,3) ғана емес, ЕҰУ (96,1) мен ҚазҰТЗУ-да (87,3) да жоғары. Гамбург университетінде бұл көрсеткіш 60.5.

Рейтинг авторларының пікірінше, оқытушылар құрамының көптігі білім беру сапасын анықтауда негізгі көрсеткіштердің бірі болып саналады.

«Халықаралық болсын немесе өзімізде болсын студенттер үшін бір ғана метрика өте маңызды: студенттер мен оқытушылардың қарым-қатынасы. Өйткені студенттер оқу орнында қаншалықты жақсы білім ала алатындығын, қандай оқытушылардан білім алатындығын білгісі келеді», — дейді Джек Моран.

Ғылым

Бұл көрсеткіш қазақстандық ЖОО-да төмен, бірден сәл ғана жоғары.

Салыстыру үшін айта кетсек, бұл индекс Гамбург университетінде 27-ге, ал ММУ-де 6.7-ге тең.

QS өкілінің айтуынша, бұл орындалуы ең қиын көрсеткіш. Өйткені ол профессор-оқытушылар құрамының ағылшын тілін меңгергендігіне байланысты.

«Зерттеудің сапасы қаржыландыру, жаһандық зерттеу бағдарламаларының саны мен сапасы, өнеркәсіппен байланыс, әлемнің алдыңғы қатарлы зерттеушілерін тарту және ағылшын тілді журналдардағы жарық көрген материалдар секілді кең ауқымды факторларды қамтиды», — деп түсіндірді Моран мырза. – Тағы бір рейтинг –Шанхай университетінің  ARWU рейтингін қарастырайық. Рейтинг жоғары оқу орнынан қаншалықты Нобель сыйлығының иегерлері шыққанына қарайды. Бірақ философияны оқығысы келген студентке таңдаған оқу орнынан Нобель сыйлығының иегері шыққан-шықпағаны немесе Nature мен Science зерттеушілерінің  барлығы маңызды болмауы керек.»

Жоғары оқу орындары рейтингінің үздік үштігіне кіретін Шанхай университетінің рейтингі жоғары оқу орындарының ғылыми зерттеуін негізге алады. Бұл рейтингте қазақстандық университтер жоқ.

Интернационализация

Биыл QS рейтингіне енген он қазақстандық университет  4910 шетедік студенттерді қабылдап жатыр. Ең көп шетелдік студенттерді қабылдаған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (биыл 1885 студент тіркелген), екінші орында Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (611 шетелдік студент тіркелген).

«Біз университеттерден қай елдің студенттері көп келетіндігі жайлы мәлімет сұрамаймыз, -дейді Джек Моран. –

Бірақ біз Қазақстанға студенттер жақын орналасқан елдерден: Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан мен Моңғолиядан келетінін білеміз».

Әрине, рейтингтің оңтайлы жағы бар. Бірақ әлемге Ханс Кребс, Харальд цур Хаузен, Йоханнес Ханс Даниель Йенсен сынды үш бірдей Нобель сыйлығының лауреаттарын ұсынған Гамбург университетінің ҚазҰУ-дан кейін тұрғаны көп адамды таңқалдырады. ҚазҰУ сарапшы-жұмыс берушілер мен оқытушылар құрамының молдығымен алдыңғы қатарға шығып отыр.

Сонымен бірге «Кейбір оқу орындарының дұрыс бағаланбай қалуы мүмкін бе?» деген сұраққа QS өкілдері нақты «ЖОҚ» деп жауап берді.

«Жоқ, бұл қате пікір, — дейді Джек Моран. QS біз жинаған ақпараттарды тексеру үшін көп еңбек етеді, жан-жақты қарастырады. Біздің тәсілді IREG мойындап, сенімді екендігін дәлелдеді», -дейді Моран мырза сенімді түрде.

Қорытынды ретінде: «Қазақстандық жоғары оқу орындары алдағы 5-10 жыл ішінде қалай дамиды?» деген сұраққа Джек Моранның жауабы:

«Көптеген басқа елдер сияқты Қазақстан да интернационализация мен халықаралық байланысты нығайту үшін бар күшін салып жатыр. Егер ол сәтті жүзеге асса, бірнеше оңтайлы жақтары бар:

брэндтің халықаралық дәрежеде мойындалуы, шетелдегі дарындардың көптігі және қолайлы серіктестік қарым-қатынастар.

Соңғы жылдары қазақстандық жоғары оқу орындарының дәрежесінің көтерілгенін айтып өту керек. 2015/16 жылғы рейтингте тоғыз қазақстандық университет болған (биыл 10) және топ-500 университеттің ішінде екеуі бар еді. Қазіргі уақытта 500 университеттің ішінде үздік деп танылған 5-еуі бар және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университеті алғашқы 250 университет қатарына кірді. 2015/16 жылдары ҚазҰУ 275-ші орында болған.

Осылайша білім беру сапасын арттыра берсе Қазақстан әлемнің мойындауына қол жеткізетіні сөзсіз. Дегенмен 2022 жылға дейін 50 000 шетелдік студентті тарту жүзеге асса төменгі сатыны ұстап тұру қиын болады».