Фактчек | Қазақстан туризмі туралы

2019 жылы 21 тамызда Kazakh TV арнасына еліміздің туризм саласына қатысты бірнеше факт жарияланды. Бұл туралы осыған дейін басқа да ақпарат көздері таратқан болатын. Әдеттегідей factcheck.kz өз жұмысына белсене кірісіп, жаңалықтың рас-өтірігін тексеріп көрді. Сіз үшін қызықты әрі маңызды болса, мархаббат.

2018 жылы елімізге келген туристердің саны 8 млн-нан асып түскен

Үкім: Шындық

ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің мәліметінше, 2018 жылы Қазақстанға 8 789 314 турист келген.

Фактчек | Қазақстан туризмі туралы
ҚР Ұлтық экономика министрлігі

Әлемнің 60-тан астам мемлекетінің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады

Үкім: Жартылай шындық

ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Шетелдік азаматтар үшін Қазақстан Республикасының визалық режимі бөлімінде жалпыұлттық/азаматтық паспорты бойынша Қазақстанға визасыз кіре алатын мемлекеттер саны 74 екені көрсетілген.

Паспорт түрі бойынша визалық режим: D – дипломатиялық, S – қызметтік, N – жалпыазаматтық/ұлттық болып бөлінеді. Аталған паспорт түрлері келушілерге 14, 30, 90 күнге дейін визасыз кіруге рұқсат береді.

Соңғы бір жылда Грузиядан ағылған туристер саны 75 пайызға артқан

Үкім: Жалған

Төменде көрсетілген кестеден байқасаңыз, 2017 жылға қарағанда, 2018 жылы Грузиядан келген туристер саны 1263 адамға азайған. Пайыздық көрсеткішпен 7 пайыз болады. Жаңалықта көрсетілген сандардан мүлдем басқа.

Ал 2019 жылдың 9 айындағы ресми дерек бойынша, Грузиядан 15 017 турист келген. Бұл жерде де өткен жылға қарағанда кемігенін көреміз. Яғни, соңғы бір жылда да, осы жылдың 9 айындағы мәліметтерден де Грузиядан ағылған туристер санының артқанын байқамадық. (ҚР ҰҚК ШҚ мәліметтері бойынша)

Фактчек | Қазақстан туризмі туралы
ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz