Фактчек | Қағбаны қайта ашты

Коронавирусқа байланысты Сауд Арабиясы қауіпсіздік мақсатында ұмраға баратын қажылар үшін кіші қажылық маусымын уақытша тоқтатқан болатын. Бұл туралы 27 ақпанда ҚМДБ-ның (Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы) ресми сайтында жарияланды. Алайда, әлеуметтік желілерде “Қағба ашылыпты” немесе “Қажылық тоқтаған жоқ” деген сарында видеолар тарап жүр. Factcheck.kz жалпы коронавирусқа байланысты Сауд Арабиясының қолданып жатқан қауіпсіздік шараларын қарап көрді.

Қағбаны ашыпты, адамдар кіріп жатыр

Әлеуметтік желілерде тарап жүрген мәтіндердің бірі
Посмотреть эту публикацию в Instagram

❗НАПОМИНАНИЕ СЕБЕ И ВАМ ❗ ◈━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━◈ ▶️И напоминай, ибо напоминание приносит пользу верующим.(51:55)❗ وَذَكِّرْ فَإِنَّ الذِّكْرَى تَنفَعُ الْمُؤْمِنِينَ ◈━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━━◈ …Посланник Аллаха (мир ему и благословение Аллаха) сказал: «Указавшему на благое (полагается) такая же награда, как и совершившему его». Муслим 1893… ════════ ❁✿❁ ════════ 🔊Включай Уведомление о Публикациях🔊 👆Ставь Лайк♥️ 📲Подписывайся на @_s_a_b_r________ ✅ ════════ ❁✿❁ ════════🌸 #напоминаниеверующим #посланник #мухаммад #sunna #хадж#абуумар #каран#исламистина #таухид #аллахуакбар #медина #аяты #мухаммадхоблос #хамисаззахрани #хиджаб #надирабухалид #golosimana #кбр #мечеть #муслим #садака #аяты #таравих #намазники #уммапророкамухаммадаﷺ #ифтар#садака#инсан#иман#джумамубарак #джума#шариат

Публикация от ❗️НАПОМИНАНИЕ СЕБЕ И ВАМ ❗️ (@_s_a_b_r________)

Үкім: жартылай шындық әрі манипуляция

27 ақпанда Сауд Арабиясы Денсаулық Сақтау Министрлігінің ресми сайтында коронавирустың таралуына байланысты қабылданған шаралардың тізімінде Кіші қажылықты уақытша тоқтату қарастырылған. Сонымен қатар, Сауд Арабия Қажылық және Ұмра Министрі Мохамед Салех Бентен өзінің Twitter парақшасында кіші қажылықтың уақытша тоқтағанын ресми мәлімдеді.

Министрдің мәлімдеуінше, бұл шаралар Сауд Арабия Денсаулық сақтау Министрлігімен бірлесіп жүзеге асып жатыр әрі қашан аяқталатыны белгісіз. Сыртқы Істер Министрлігінің хабарлауынша, елде 23 наурыздан бастап кешкі сағат 19:00 мен таңғы 06:00 аралығында коммендант сағаты жарияланған және ол 21 күнге созылады.

Діни Ғалымдар Кеңесінің мәлімдеуінше, Сауд Арабиясында 18 наурыздан бастап Меккедегі Үлкен мешіт пен Мәдинадағы Пайғамбар мешітінен басқа барлық мешіттерде оқылатын 5 уақыт намаз бен жұма күнгі намазға шектеу қойылды. Қағбаның Мекке қаласындағы Үлкен мешітте орналасқанын ескерсек, ол қала тұрғындары үшін жабылған жоқ, сырттан келетін тұрғындар немесе қажылар үшін жабық. Соны пайдаланып “Қағба қажылар үшін ашылыпты” деу – манипуляция.

Ал, 26 наурыздан бастап елдегі қауіпсіздікті күшейту үшін Сауд Арабия королі Салман бин Абдел Азиз мынадай шараларды қолдануды тапсырды:

  • Корольдіктің 13 аймағының тұрғындарына басқа аймаққа кетуіне не көшуіне тыйым салынады;
  • Денсаулық сақтау министрлігінің белгіліген шектеулерге сәйкес келесі қалаларға (Эр-Рияд, Мекке және Мәдина) кіруге немесе сол қаланың тұрғындарына шығуына тыйым салынады;
  • Жүріп-тұруға тыйым салу коменданттық сағаттан бұрын шығарылған топтарға қолданылмайды;
  • Осы шаралардың барлығы 26 наурыздан бастап комменданттық сағат кезеңі (23 наурыздан бастап 21 күн) аяқталғанға дейін жалғасады.

Сауд Арабиясында коронавирус ең алғаш 2 наурызда анықталған болатын. Қазіргі таңда вирус жұқтырғандардың саны ресми мәлімет бойынша 1203- ке жетті. (29 наурыз). Олардың ішінде қайтыс болғандар саны – 4, жазылғандар саны – 37 адам.

Контекст

Біріншіден, “Қағба ашылды” деп кіші қажылық маусымы уақытша тоқтатылғаннан кейін мәлімдеме жасау – манипуляция, себебі Қағба орналасқан Меккедегі Үлкен мешіт жабылған жоқ, ол қала тұрғындары үшін ашық. Екіншіден, Қағба – қажылар үшін ғана тауап ететін жер емес, яғни қажылар бармаса жабылып қалмайды, ол күллі мұсылманның бет бұратын құбыласы. Қала тұрғындары ол жерге намаз оқу үшін бара береді. Қағбаның маңайын коронавирустың таралуына байланысты санитарлық жағдайға сай қоршап қойғанымен, ол жерде намаз оқуға әлі шектеу қойылмады.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz