Фактчек | Альберт Рау Қазақстанның алтын қоры туралы

14 қазанда ҚР парламенті төменгі палатасының кезекті пленарлық отырысында мәжілісмен Альберд Рау бас прокурорға бағалы металдардың заңсыз айналымын қадағалауды күшейту қажеттігін айтып, ҚР-да алтын өндіру мен елдің алтын қоры артып кеткеніне қатысты сауал жолдады. Тексереміз.

Мәлімдеме: Отандық алтын өндіру өнеркәсібі мекемелері тұңғыш президенттің тапсырмасымен… кейінгі 10 жылда алтын өндіруді екі есеге арттырды, мемлекеттік бюджетке аударымдарын тұрақты түрде көбейтіп, елдің алтын қорын толтырып жатыр…

Альберт Рау

Үкім: Шындық (бірақ…)

World Gold Council мәліметі бойынша («Дүниежүзілік алтын кеңесі», алтын өндіру өнеркәсібін дамыту ұйымы) 2009 жылдан 2019 жылды қосқанға дейінгі аралықта Қазақстанда алтын өндіру 30,3 тоннадан 76,8 тоннаға артқан. Яғни, 2 еседен де артық. Алайда өсім бірқалыпты болған жоқ.

Фактчек | Альберт Рау Қазақстанның алтын қоры туралы
Фактчек | Альберт Рау Қазақстанның алтын қоры туралы

Мәлімдеме: … біз алтын-валюта қорындағы алтын көлемі бойынша 15-орындамыз.

Альберт Рау

Үкім: Шындық (деуге болады)

«Дүниежүзілік алтын кеңесінің» мәліметінше 2020 жылдың қазан айындағы ақпарат бойынша біз алтын қорынан әлемде 14-орында тұрмыз. Және Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық орталық банк алтын қорын есептегенде 16-орында.

Фактчек | Альберт Рау Қазақстанның алтын қоры туралы

Дегенмен айта кеткен жөн, Қазақстанның алтын қоры алтын валюта резервінің жалпы көлемінің 67,8%-ын құрайды. Біз Қазақстанның алтыны мен алтын-валюта қоры туралы жазғанбыз. Салыстыру үшін: Сауд Арабиясының алтын қоры (ХВҚ мен ЕОБ қосқанда 17-орында) қазір 323,1 тоннаны құрайды және бұл алтын-валюта резервінің 4,4%-ы.

Қызық үшін кейінгі 20 жылдағы Қазақстанның алтын қоры мен олардың алтын-валюта резервіндегі үлесін қараңыз.

Фактчек | Альберт Рау Қазақстанның алтын қоры туралы
2000 жылдан бастап қазіргі дейінгі Қазақстанның алтын қоры.
Фактчек | Альберт Рау Қазақстанның алтын қоры туралы
Қазақстанның 2000 жылдан 2020 жылға дейінгі алтын-валюта резервіндегі алтынның үлесі.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz