Фактчек | Ақша айырбастау кезінде қазақстандықтардың есімі тіркеле ме?

Бірнеше күн бұрын БАҚ мен әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың аты-жөні мен ЖСН-і валюта айырбастау кезінде арнайы журналға тіркелетіні жөнінде ақпарат тарады.

Фактчек | Ақша айырбастау кезінде қазақстандықтардың есімі тіркеле ме?

Үкім: Шындық

Атыңыз, әкеңіздің аты, тегіңіз де жазылады. БАҚ сілтеме жасаған Ұлттық банк қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратовтың сөзіне сенбеуге негіз жоқ.

Дегенмен, мәліметтер қызықты болғандықтан тексеріп көруді шештік.

ҚР Ұлттық банк басқармасының 2019 жылдың 31 желтоқсанындағы «ҚР Ұлттық банк басқармасының 2019 жылдың 4 сәуіріндегі қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 49 «Қазақстан Республикасындағы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қаулысын қараймыз:

  • 51. Айырбастау операциясын жүргізу бағамы бойынша 500 000 (бес жүз мың) теңге баламасынан асатын сомаға айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында мыналар көрсетіледі:
  • клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (аты, әкесінің аты толық көрсетіледі), құжаттың түрі, берілген күні, құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі);
  • клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
  • клиенттің заңды мекен-жайы.
  • Автоматтандырылған айырбастау пункті үшін бір рет жүргізілген айырбастау операциясының сомасы айырбастау операциясын жүргізу бағамы бойынша 500 000 (бес жүз мың) теңге баламасынан аспайды.
  • Айырбастау операциясын жүргізу бағамы бойынша 500 000 (бес жүз мың) теңге баламасынан асатын сомаға айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)және клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда) көрсетіледі.

Осылайша, егер сіз 500 мың теңгеден артық сомманы ауыстырғыңыз келсе, аты-жөніңізден бөлек жеке басыңызды куәландыратын құжаттағы барлық мәліметті (мына жағы түсініксіздеу, құжаттың өзін көрсету керек пе, әлде есте қалған мәліметті болжап айтуға бола ма – ред.), ЖСН (егер бар болса) және заңды мекен-жайыңызды (Ұлттық банктегілер мұндай сомманы заңды мекен-жайы жоқ адам, яғни жеке тұлға ауыстыра алмайды деп есептейтіні қызық) көрсетесіз.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын Ұлттық банк ақша жымқырумен күрес ретінде тіркеу қажет екенін мәлімдеген.

Ал, егер 500 мың теңгеден аз сомманы ауыстырсаңыз айырбастау пунктінің қызметшісі сіздің аты-жөніңіз бен ЖСН-ніңізді (егер бар болса) тіркеуі қажет (Қазақстанда ЖСН жаңа туған балаларға да беріледі, мұндай мәліметті шетел азаматтары ұсынбауына болатын тәрізді).

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz