Фактчек | АҚШ-тағы рекордтық банкрот

Әлеуметтік желі мен БАҚ-та АҚШ-тағы “рекордтық банкрот” туралы мәтін тарап жатыр. Онда түрлі компанияның пандемия кесірінен шығынға ұшырағаны немесе банкрот болғаны туралы айтылған. Тексереміз.

Фактчек | АҚШ-тағы рекордтық банкрот
Telegram-да таралған ақпарат үлгісі

Шамасы, мұндай ақпарат шілденің басында ағылшынша сегментті интернетте тарала бастаған. Аздап басқаша редакцияланған ағылшынша мәтіндегі мәліметті мына форумнан көруге болады. Қысқарған нұсқасы әлеуметтік желіде тарады.

Factcheck.kz оқырмандар өтініші бойынша бұл таралған мәтінді пункттер бойынша тексеріп, оның қайсы шын, қайсы жалған екенін анықтады.

Алдын ала қорытынды:

Бұл хабарламада жартылай шындық, шындық, жалған және манипуляция пайымдауы бар. Тізімдегі барлық компания банкротқа ұшырамаған, олардың бәрі бірдей АҚШтыкі емес, оған қоса, бәрі бірдей 2020 жылы банкрот болмаған. Ақпараттың қателеріне қарағанда, шамасы мәтінді аудармашы бағдарламамен аударып, көп редакцияламай-ақ жариялай салған.

Пікір: Victoria’s Secret банкрот болғанын жариялады.

Үкім: Жалған

Қазіргі кездегі барлық бренд сияқты Victoria’s Secret компаниясы шынымен қиын жағдайда болса да олар банкрот болғаны туралы ештеңе жарияламады. Шамасы, мұндай пікір брендтер иесі L Brands Inc. компаниясының британиядағы бөлімі кредиторлардан қорғауды сұрап, арыз берген деген жаңалықтан шыққан болуы керек. Бұл банкротқа ұқсас, төленбеген қарыздарға мораторий енгізеді. Дегенмен банкрот болғаны туралы арыздан айырмасы – бұл басқармаға әкімшілік келісімімен компанияны басқаруды жалғастыруға мүмкіндік берді.

Бұл шешім L Brands операцияларының Ұлыбританиядан тыс жерлерде қозғалмағаны да айтылады.

Мамырда  Forbes сату көлемі азайғандықтан L Brands-тің АҚШ пен Канададағы 250 дүкені жабылатынын жазған еді. Оның 235-і – АҚШ-тағы  Victoria’s Secret дүкендері. Victoria’s secret компаниясының таза сату көлемі 2020 жылдың алғашқы қаржы тоқсанында 46% құлаған.

Пікір: Zara 1200 дүкенін жапты.

Үкім: Манипуляция

The Guardian хабарлауынша, Zara брендін басқаратын Inditex испан компаниясы жыл соңына дейін әлем бойынша 1200 дүкенді жабуды жоспарлап отыр. Әңгіме Zara брендінің 1200-ге дейінгі дүкенін жабу туралы емес екенін айта кетейік. Мұнымен бәрі бітіп қалмайды. Ары қарай Inditex компанияның басқа брендтерінің (Bershka, Pull & Bear және Massimo Dutti) 1000-нан 1200-ге дейінгі аса үлкен емес, ескілеу дүкенінің табыссыз қалғанын мәлімдеді. Солай бола тұра, тағы 450 жаңа дүкенді ашу жоспарланып жатыр.

Азия мен Еуропадағы дүкендер жабылатыны күтіліп отыр. Қайта ұйымдастырудан кейін дүкендердің жалпы саны 7,412-ден 6700–6900-ға дейін қысқарады (бұл көрсеткішке 450 жаңа дүкен де кіреді). Биыл 1 ақпаннан 30 сәуірге дейін Inditex компаниясының сату көлемі 44% түскені хабарланды. Солай бола тұра, бірінші тоқсанда жылдық онлайн сату 50% өсті.

Пікір: Ла Шапель 4 391 дүкенін жапты.

Үкім: Манипуляция

Әңгіме Shanghai La Chapelle қытай компаниясы туралы болуы мүмкін. Компания көп дүкенін жапқаны рас, бірақ бұл процесс 2020 жылға дейін болған.

Бізге бұл ақпарат авторы 4391 цифрын қайдан алғанын түсінуге тырысуға біршама уақыт кетті. Кейінгі жарты жылда компанияның n санындағы дүкенді жапқаны туралы бірнеше жаңалық шықты. Одан кейін әңгіме 2019 жыл туралы болып отырғаны белгілі болды. Бұл мақалада компания 2018 жылды 9269 дүкенмен аяқтағаны жазылған еді. Yahoo Finance компаниясы профилінде 2019 жылдың 31 желтоқсанында компанияның 4878 дүкені болғанын білуге болады. Екінші цифрді біріншіден алып тастағанда 4391 санын аламыз. 2019 жылы жалпы Shanghai La Chapelle компаниясының, шамамен осынша дүкені жабылды.

Пікір: Шанель өндірісті тоқтатты.

Үкім: Манипуляция

Наурызда Chanel компаниясы карантинге байланысты Францияда, Италияда және Швейцарияда өндірісін 2 аптаға тоқтатты, бар болғаны – осы.

Пікір: Патек Филипп өндірісін тоқтатып жатыр. Ролекс те.

Үкім: Жалған

Мұнда тура Шанельдегідей жағдай болып тұр. Екі компания да Швейцар үкіметі жариялаған карантинге байланысты наурызда өндірісті тоқтатқан еді.

Қосымша: Патек Филипп компаниясы жаңа өндіріс ғимаратын ашқаны туралы маусымдағы мақала.

Пікір: Nike компаниясының қызметкерлерін жұмыстан босатуды екінші кезеңге дайындап жатқан жалпы 23 миллиард доллар қарызы бар.

Үкім: Жалған, жартылай шындық және сауатсыз тұжырым

Компанияның жалпы қарызы мамырда 13 миллиард теңге болды. Қызметкерлерді жұмыстан босатуға келсек, мұндай жоспардың бары рас, бірақ бұл ешқандайда екінші кезең емес. Nike компаниясының бас директоры Джон Донахьюдің айтуынша, мұндай шешім қаржы шығындарына немесе пандемияға реакция емес. Бұл қайта құрылымдау компанияға айналған “шамадан тыс матрицаны” жоюға арналған.

Айтпақшы, пікір мәтіні соңғы нәтижесін аса тексермей-ақ, мәтінді ағылшыншадан онлайн аудармамен аударғанын көрнекі көрсетеді. Бұл мәтінді өз парақшасында жариялағандар да оны бірнеше қатардан соң оқуды қоятын сияқты.

Пікір: Gold’s gym банкротқа ұшырады

Үкім: Жартылай шындық

Мамырдың басында Gold’s gym банкрот болудан қорғауға арыз берді. L Brands компаниясының жағдайындағыдай АҚШ-тың банкрот болу туралы кодексінің 11-бабы бойынша компания қызметін жалғастырып, бизнесте қалу үшін жоспар әзірлеуіне болады. Gold’s gym компаниясында әлем бойынша барлығы 700 жаттығу залы бар, оның көбі – франшизм.

Банкротқа болу (7-бап) мен банкроттан қорғаудың (11-бап) айырмасы

АҚШ-тың банкротқа ұшырау туралы кодексінің 7-бабы бойынша фирма қайта құру кезеңінен өтіп, кредиторларға қарызын қайтару үшін кез келген таусылмайтын активті сатуы керек. Мұндай банкротқа ұшырау түрі “тікелей” және “тарату” болып аталады. 11-бап фирмаға қарызын қайта құрып, сау ұйым ретінде қайта жандануға мүмкіндік береді.

Жаңалықтардан белгілі бір компанияның банкрот болғанын жариялағаны туралы тақырыпты жиі оқимыз, содан кейін ғана 11-бап әрекет етілгені немесе компания бизнесте қалуға ниетті екені мәтінде нақтыланады. Мұқият болыңыздар.

Пікір: AirBnb негізін қалаушысы пандемия кесірінен 12 жылғы еңбек 6 аптада жойылғанын айтты

Үкім: Шындық

“AirBnb компаниясын құруға 12 жылымыз кетті, ал біз бәрін, айналасы, 4-6 аптада жоғалттық”, – деді компанияның бас директоры Брайан Чески CNBC телеарнасына берген сұхбатында. Ол қазір АҚШ-та компания қалпына келе бастағанын айтты, бірақ жалған үміттің болғанын қаламайды, өйткені олар әлі қауіпсіз емес аймақта.

Пікір: Тіпті Starbucks 400 дүкенін біржола жабатынын жариялады.

Үкім: Шындық

Starbucks, шынымен де, АҚШ пен Канададағы жалпы саны 400 дүкенін алдағы 18 айда жабуды жоспарлап отыр. Солай бола тұра, компания жеткізу арқылы тапсырыс беру мүмкіндігін арттырмақшы. Осы стратегия аясында Солтүстік Америкада арнайы жеткізу тапсырысына жабдықталған 300 нүкте ашылуы жоспарланып жатыр. Компания айтып өткендей, мұндай жоспар бұрын да болған, пандемия шешім қабылдауды тездетті. Жеткізу тапсырысы АҚШ-та Starbucks-тің 15 000 нүктесінде барлық транзакцияның 80%-іне тең екені хабарланды.

Пікір: АҚШ-тағы Nissan Motor Co. жабылуы мүмкін

Үкім: Жалған

Компания АҚШ-та жабылуды жоспарлап жатқан жоқ. Forbes-тің хабарлауынша, мамыр соңында Nissan компаниясының бас директоры Макото Учида Испания (Барселона) мен Индонезиядағы зауыттарының жабылғанын хабарлаған еді. Оған қоса, ол компания Жапонияны, Солтүстік Америка мен Қытайды қоса алғанда негізгі нарықтарға назар аударатынын айтып өтті.

Мұндай қадамға баруға компанияға кейінгі 10 жылдағы үлкен шығын саналған 6,2 миллиард доллар шамасында таза шығынға батқаны әсер етті. Компанияның 4 жылға арналған жоспары шығындардың, өндіріс көлемі мен автомобиль моделі санының азаюын болжап отыр.

Пікір: Thrifty және Доллар компаниялары тиесілі автомобильді жалға беру бойынша ең ірі компания (Hertz) банкротқа ұшырау туралы арыз жазды.

Үкім: Жартылай шындық

Gold’s Gym сияқты Hertz де мамыр айының соңында банкротқа ұшыраудан қорғауды сұрап, арыз тастады. Компания қарыздарды қайта құрылымдап, қаржылық жағынан бұдан да сау компания құрып, бизнесте қалуға ниетті екенін мәлімдеді. Айтпақшы, Hertz – автомобильді жалға беру бойынша ең үлкен компания емес. Бұл секторда Enterprise Holdings – көшбасшы, Hertz осы компаниядан кейінгі орында.

Forbes-тағы аналитикалық мақалада компания 2019 жылы 58 миллион доллар жоғалтқанын қосқанда кейінгі 4 жылда шығынға ұшырап жүргені жазылған. Наурызда Hertz компаниясы 12 000 қызметкерін жұмыстан шығарып, тағы 4000 қызметкерін ақысыз демалысқа жіберген.

Пікір: 4000 жүк көлігі бар жүк тасу бойынша ең ірі компания (Comcar) банкрот болғанын жариялады.

Үкім: Жартылай шындық

Алдыңғы америкалық компаниялар сияқты Comcar компаниясы да банкрот болудан қорғауды сұрап, арыз тастаған. Талқылау нәтижесінде холдингіге тиесілі бес компанияны да сатуға шешім қабылданды. Comcar әлемде де, АҚШ-та да жүк тасу бойынша ең ірі компанияға жатпайды.

Пікір: ең ескі бөлшек сауда компаниясы (JC Penny) банкротқа ұшырағанына арыз тастады. Amazon оны тиынға сатып алмақшы.

Үкім: Жартылай шындық әрі манипуляция

Мамырда басқа да компаниялар сияқты J.C. Penny де банкротқа ұшыраудан қорғауды сұрап, арыз тастады. Осы жаңалық шықққанына көп болмай J.C. Penny компаниясын Amazon сатып алуы мүмкін екені туралы ақпарат пайда болды. Мақалалар бұл туралы алғаш жазған WWD сайтына сілтеме берді, оған қоса, түрлі қауесет айтылды. Компаниялардың өзі бұл жаңалыққа пікір айтудан бас тартты. Осы мақаланы жазу барысында Amazon J.C. Penny компаниясын сатып алатыны туралы нақты ақпарат табылмады.

J.C. Penny компаниясы мұндай қиындықты пандемияға дейін бастан кешіріп жатты. CNN хабарлауынша, J.C. Penny компаниясы 2011 жылдан бері дүкендерінің 20%-ін жауып, қызметкерлерінің 40%-ін жұмыстан шығарған.

Коронавирус пандемиясы ақыры компанияны банкротқа ұшыратты. Басқарма дерегі бойынша, сәуірде әмбебап дүкен сатылымы 47% құлады, сол кезде киім сатылымы 89% құлады. Басқа ритейлерлер сияқты J.C. Penney компаниясы да 18 наурызда дүкендерді жауып, қызметкерлерін дағдарыс кезінде жұмыстан шығарып жатқанын хабарлады. Кейін компания тұтынушыларға 41 дүкенін аша алды, бұл барлық дүкеннің 5%-тен азына тең.

Пікір: әлемдегі ірі инвестор (Уоррен Баффет) кейінгі 2 айда $50В ақша жоғалтты.

Үкім: Жартылай шындық

Мамырдың басында Уоррен Баффеттің Berkshire Hathaway Inc. компаниясы коронавирус кесірінен әрі қор нарығы құлдырауынан биыл алғашқы тоқсанда 49,7 миллиард доллар шығын болғаны туралы жаңалық шықты.

Пікір: әлемдегі ірі инвестиция компаниясы ғаламдық экономикалық апат туралы дабыл қағып жатыр – оларды $7 трлн.-дан астам қаржы басқарады.

Үкім: Жалған

Blackrock компаниясы ғаламдық экономикалық апат туралы дабыл қаққан жоқ. Компанияның бас директоры Ларри Финк жақында акционерлерге жылдық жолдауында экономика коронавирус таралуынан кейін қалпына келетінін болжаған, бірақ дағдарыс инвесторлардың психологиясын, бизнес тәсілі мен тұтыншуылар әдетін өзгертеді.

Тағы да орашолақ аудармаға назар аудармай қоймаймыз. Түсінгеніңіздей, пікірдің соңғы бөлігі компания жалпы бағасы $7 трлн. болатын активтерді басқаратынын білдіреді.

Пікір: Mall of America ипотекалық несие төлеуді тоқтатты

Үкім: Шындық

Бірақ Mall of America ипотека төлеуді тоқтатты деу дұрысырақ. Қазіргі уақытта компания сәуір, мамыр мен маусымның төлемін өткізіп алғаны белгілі.

Пікір: 2020 жылы 12 000-нан 15 000-ға дейінгі бөлшек сауда дүкені жабылады деп болжанып отыр. Төменде жабылғаны туралы жариялаған ірі ритейлерлер тізімі берілген:

– Gap
– Victoria’s Secret
– Bath & Body Works
– Forever 21
– Walgreens
– GameStop
– Pier 1 Imports
– Nordstrom
– Papyrus
– Chico’s
– Destination Maternity
– Modell’s
– Bose
– Art Van Furniture
– Olympia Sports

Үкім: Жартылай шындық және манипуляция

Автор жоғарыдағы брендтердің немесе осы брендтердің қандайда бір дүкен бөліктерінің жабылғанының қайсын айтып тұрғаны белгісіз. Компанияның кейбірі 2020 жылдың басына дейін дүкендерінің жабылғанын немесе банкротқа ұшырағанын жариялаған. АҚШ-та биыл жабылатын жалпы дүкендер санына келсек, маусымның басында Coresight Research бұл сан 20 000 – 25 000-ға жетуі мүмкін екенін айтты. Компания наурыз соңында 15 000 деген цифрды хабарлады, оған қоса, жағдайдың өзгеруіне қарай өз нұсқасын қайта қарағанға ұқсайды.

Енді тізім бойынша көрейік:

– Gap – наурыздың басында компания Солтүстік Америкадағы 230 дүкенді жабуды жоспарлап отырғаны белгілі.

– Victoria’s Secret – жоғарыда талқыланды.

– Bath & Body Works – брендті басқаратын L Brands компаниясының хабарлауынша, биыл АҚШ-та 50 дүкенді, Канадада бір дүкенді жабу жоспарланып жатыр.

– Forever 21 – компания 2019 жылдың қыркүйегінде өзін банкрот деп жариялады (11-бап бойынша). Ол кезде компания 200 дүкенді жабуды жоспарлағаны хабарланған еді.

– Walgreens – дәріхана желісі 2019 жылдың тамызында АҚШ-тағы 200 нүктесінің жабылғанын жариялады. Бұған дейін компания Ұлыбританиядағы 200 нүктенің жабылғанын хабарлаған еді.

– GameStop – компания жыл соңына дейін 320-ға жуық нүктесін жабатынын хабарлады. Солай бола тұра, бас қаржы директоры Джим Белл мұның коронавирус пандемиясына қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

– Pier 1 Imports – мамыр соңында компания бизнесін жабатыны белгілі болды.

– Nordstrom – мамыр соңында компания 378 дүкенінің 19-ын жабатынын хабарлады.

– Papyrus – қаңтар соңында компанияның банкроттан қорғауды сұрауға арыз тастағаны, барлық дүкенін жабайын деп жатқаны белгілі болды.

– Chico’s – компания қаржы жылының соңына дейін 50-ден 60-қа дейінгі нүктесін жабуды жоспарлап отыр.

– Destination Maternity – 2019 жылдың қазанында компания банкроттан қорғауға арыз тастап, 183 дүкенді жабуды жоспарлағанын хабарлады.

– Modell’s – басқа көптеген компания сияқты наурызда Modell’s компаниясы да банкроттан қорғау туралы арыз тастап, қалған дүкендерінің 100-ден астамын жабуды жоспарлап отыр.

– Bose – қаңтардың ортасында компания Солтүстік Америкадағы, Жапониядағы, Еуропа мен Аустралиядағы сауда нүктелерін жабатынын хабарлаған еді. Оның себебі компанияның көп өнімі онлайн сатылатынында. Солай бола тұра, Bose компаниясы Қытайдағы, БАӘ-дегі, Үндістандағы, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы және Оңтүстік Кореядағы сауда нүктелерін қалдыруды жоспарлап отыр.

– Art Van Furniture – наурыздың басында компания бизнесін, яғни барлық дүкенін жабатынын хабарлады.

– Olympia Sports – брендтің 76 дүкені жабылатыны туралы 2019 жылдың соңында-ақ, JackRabbit Olympia Sports компаниясын сатып ала сала белгілі болған еді. JackRabbit Olympia Sports компаниясының қалған 75 дүкенін басқаруды жалғастыра береді.

Пікір: жұмыссыздыққа өтінім бергендердің саны рекорд жоғары деңгейге – 38+ миллионға жетті. Жұмыссыздық 25%-тен астам процентке тең (еңбекке жарамды 160 миллион халықтың 40 миллионға жуығы жұмыссыз).

Кіріс болмаған кезде тұтыну сұранысы бірден құлайды, солайша экономика еркін құлдырауға көшеді. Бұл тек – АҚШ.

Үкім: Шындық және жалған

Мамыр соңында Ұлттық қоғамдық радиосы жұмыссыздыққа өтінім саны 9 аптада 38,6 миллионнан жеткенін хабарлады.

Дегенмен бұл жұмыссыздық 25%-ке тең деген сөз емес. Жұмысссыздық 9 апта сайын емес, ай сайын есептеледі. Еңбек статистикасы бюросының ресми дерегі бойынша 2020 жылы шілдеде жұмыссыздық 11,1%-ке жеткен. Сәуірде ол 14,7% болды, бұл көрсеткіш Ұлы депрессиядан бергі (1993 жылдың мамырында жұмыссыздық 25,6%-ке жетті) ең “биік шың” аталды. Солай бола тұра, эксперттер мен Еңбек статистикасы бюросы сәуірдегі жұмыссыздық шынайы көрсеткіші 20%-тей болуы мүмкін екенін айтады. Қалай дегенмен де бұл цифр автор көрсеткен цифрмен сай келмейді. Goldman Sachs инвестиция банкі пандемия кесірінен жұмыссыздық 25%-ке жетуі мүмкін екенін болжайды.

Негізі жұмыссыздар санын есептеу – ылғи да қайрама-қайшы іс. АҚШ та бұл тұрғыда ерекше емес. Investopedia-ның бұл мақаласында бұл неге бұлай екені түсіндіріледі.

Қорытынды:

  • Ақпараттың жалпы хабарламасы, негізі манипуляция тудырады. “2020 жылы АҚШ-тың рекорд банкротқа ұшырауы” деген айғайлаған атауының қарама-қайшы пікірі бар. Оның бәрі бірдей банкрот болу туралы емес әрі бәрінің бірдей АҚШ-қа қатысы жоқ. Оған қоса, тізімдегі компаниялардың біраз дүкені былтыр жабылған немесе банкрот болғанын жариялаған. 
  • Әрине, банкрот болудан қорғауға арыз тастаған компаниялар ақырында толық банкрот болмай қалатынына кепілдік жоқ. Дегенмен автор компаниялар ендігі банкротқа ұшырап қойғанын айтқаны көбіне шындыққа жанаспайды.
  • Таралған ақпарат – насихаттың нағыз үлгісі.

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz