Facebook Ресейден ең көп фейк ақпарат жарияланатынын хабарлады

Facebook дезинформация тарататын елдердің рейтиңін жасады. Рейтиң қорытындысы сай, желіде таралған дезинформацияның бестен бір бөлігі Ресейге тиесілі. Бұл туралы Facebook компаниясының ресми есебінде хабарланды.

Facebook-тің зерттеуінше, дезинформация тарататын ресейлік 27 интернет желісі бар. Бұдан бөлек, 23 желінің Иранмен байланысы бар екенін және 9-ы АҚШ-тан жұмыс жасағанын анықтаған. Зерттеу авторлары дезинформация мен қоғамдағы пікірді басқаруға бағытталған ең көп материалдар Ресейден жарияланатынын атап өтті.

Компанияның есебінше, фейк таратушылар «тролль фабрикасы» деп аталады. Олардың интернет зерттеу агенттігі, арнайы қызмет және медиа компаниялармен байланысы бар екенін де жазған.

Редакторлардың басшылығымен әртүрлі платформада «фейк парақшалардың» күрделі желісі құрылған. Олар әлеуметтік және саяси тақырыпқа мәтін жазу үшін штаттан тыс журналистерді жалдаған. Олардың арасында Еуропа мен Америкадан жұмыс жасағандар да бар, – дейді баяндама авторлары.

Бұған қоса 2017 жылдан бастап Facebook әлеуметтік желінің саясатына қайшы келген 150-ден астам фейк парақшаны өшірген.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz