Ресейде Facebook пен Twitter желісіне айыппұл салуы мүмкін

Telegram, Facebook, Twitter, TikTok және Google-ге қатысты балаларды заңсыз акцияларға қатысуға шақырған материалдарды өшірмегені үшін әкімшілік бұзушылық туралы 12 хаттама толтырылды. Бұл туралы 9 наурызда Мәскеудің дүниежүзілік соты хабарлады.

Атап айтқанда, Facebook пен Twitter желісіне 12 миллион рубль, Telegram платформасына 8 млн, ал ТикТок желісіне 4 млн рубль айыппұл салынуы мүмкін. Бұл ақпарат жайлы ТАСС агенттігіне Мәскеудегі Таганский сотының баспасөз қызметі хабарлаған.

Бұған дейін Роскомнадзордың баспасөз қызметі қаңтар мен ақпан айында әлеуметтік желіде заңсыз митингке қатысуға шақыратын 2,5 мыңнан астам материал анықталғанын хабарлаған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz