Елімізде қанша мектепте спортзал жоқ?

Мамырдың 12 өткен мәжілістің пленарлы отырысында депутат Решетников Сергей мектептердегі спортзал мәселесін көтеріп, депутаттық сауал жолдады. Сауал барысында статистикалық деректер келтіріп, қай өңірде спортзал тапшылығы бар екенін де атап өтті. Factcheck.kz сайты депутат сөзін тексеріп көрді.

Қазіргі уақытта мектептердің 11%-де спортзал жоқ.

Решетников Сергей, депутат

Үкім: Шындық

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстандағы 6957 мемлекеттік мектептің 774-де яғни 11,13%-де спортзал жоқ.

Спортзал тапшылығы ең көп байқалатын өңірлердің ішінде БҚО (27,6%) көш бастап тұр, одан кейін Ақтөбе обл. (18,6%), Жамбыл обл. (17,3%), Түркістан обл. (16,1%), Алматы обл. (15,8%), Қостанай обл. (12,3%), Ақмола обл. (12%) және Атырау обл. (11,3%).

Решетников Сергей, депутат

Үкім: Шындық

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, расымен де БҚО мектептерінде спортзал тапшылығы байқалады. Өңірдегі 377 мемлекеттік мекеменің 100-де (26,53%) спортзал жоқ. Одан кейін Ақтөбе облысындағы 403 мектептің 75-де (18,61%) спортзал жоқ болса, Жамбыл облысындағы 442 мектептің 77-де (17,42%) спортзал жоқ.

Қазір еліміздің мектептерінде 65,5 мыңнан астам бала дене шынықтыру пәніне қатысу мүмкіндігінен айырылып отыр

Решетников Сергей, депутат

Үкім: Шындық және манипуляция

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бізге берген мәліметі бойынша, жоғарыдағы көрсетілген спортзалы жоқ 774 мектепте жалпы саны 65 584 бала білім алады.

Алайда, аталған мектептердегі балалар дене шынықтыру пәнін бейімделген ғимаратта өткізіді. Сондықтан да “дене шынықтыру пәніне қатысу мүмкіндігінен айырылып отыр” деп мәлімеме жасау – манипуляция.

Ұлттық білім беру базасының деректері бойынша, еліміздегі мектептердің 26% (1796 мектеп) спорт жабдықтарын қажет етеді

Решетников Сергей, депутат

Үкім: Жартылай шындық

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, 6957 мемлекеттік мектептің 76% спорт жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Қалған 24% яғни 1670 мектеп спорт жабдықтарын қажет етеді.

Контекст

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда жалпы саны 7 440 мектеп бар. Күндізгі және кешкі білім беретін мектептерде 3 481 347 оқушы білім алуда. Оның 1 704 690 қыз, 1 776 657 ұл. Қалалық жердегі оқушыларды үлесі – 1 965 127 болса, ауылдық жерлерде 1 516 220 оқушы тіркелген. Ал педагогтердің жалпы саны – 366 666 адам, оның 297 280 әйел, 69 386 ер.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz