Ekonomist.kz онлайн жобасы іске қосылды

12 қыркүйекте Алматыда Қазақстандағы экономикалық тақырыптарды талқылауға арналған ашық онлайн алаң Ekonomist.kz жобасының таныстырылымы өтті.

Көп адамдар үшін экономика олардың өміріне тікелей қатысы жоқ, күрделі ғылым болып көрінеді. Ekonomist.kz орын алып жатқан экономикалық үдерістер жайлы және мемлекеттік экономикалық саясат Қазақстанның қарапайым азаматтарының өміріне қаншалықты әсер ететіні туралы түсінікті тілмен айтып отыратын болады.

Қасымхан Қаппаров, жоба жетекшісі, экономист

Ekonomist.kz күрделі экономикалық құбылыстарды қарапайым тілмен жеткізіп отыратын болады.

Жоба міндеті – қазақстандықтардың еліміздің экономикалық дамуындағы жаңалықтары мен мәселелерінен хабардар болып отыруына ықпал ететін кәсіби виртуалды сараптама желісін дамыту, жас сарапшылардың жетіле түсуіне мүмкіндік беру. Авторлар жоба нәтижесінде халық табысының өсімін және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету жолында мемлекет қабылдайтын шешімдер сапасына әсер етеміз деп күтеді.

Жоба мақсаты Қазақстанда экономика саласында тәуелсіз сараптама қоғамдастығын дамыту, және де біз бұл жоба экономикалық сұрақтарды әртүрлі көзқарастар тоғысында талқылайтын алаңға айналады деп үміттенеміз. Осындай қоғамдастықтың болуы қоғам мен мемлекет арасындағы экономикалық және әлеуметтік даму көрініс табатын ең маңызды деген экономикалық тақырыптар бойынша және де халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарына қатысты экономикалық мүмкіндіктер тақырыбындағы ашық диалогтың негізін қалауға ықпал ететін болады.

Бота Аязбаева, Сорос-Қазақстан қоры бағдарламалар директоры

Ekonomist.kz әлеуметтік-экономикалық тақырыптар бойынша үкіметтік емес ұйымдар секторынан бастап, халықаралық ұйымдар, академиялық орталар, бизнес және мемлекет сынды барша түрлі кәсіби пікірлерді алаңмен қамтамасыз ететін болады.

Төлепберген Маликов
Төлепберген Маликов. Байқоңыр қаласында туған. Сулейман Демирел университетінде журналистика мамандығы бойынша оқиды. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.