Депутат Нұркина жастарға берілетін пәтер туралы

3 наурызда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутат Айгүл Нұркина сұранысқа ие мамандық бойынша жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін үйлерді қаржыландыра түсуді сұрап, бұған дейін жас маман мен жас отбасыларға 4 мың пәтер берілгенін айтты. Factcheck.kz депутат сөзін тексерді.

2019-2020 жылдары жас мамандар мен жас отбасыларға 4 мыңға жуық пәтер берілді [жалға берілетін пәтер-авт.].

Айгүл Нұркина

Үкім: Шындық

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, 2019, 2020 жылдары жастардың 4 004-і пәтерге кірген. Депутат Назарбаевтың бастамасымен 2019 жылдан бері жұмыс істейтін жастарға арналған астана, Алматы, Шымкент қалаларында тұратын Қазақстан азаматтарына сатып алу құқығынсыз 5 жылдық жалдамалы пәтер жайында айтып отыр.

2020 жылғы дерекке сай, осы бағдарлама бойынша, Астанада 6 000, Алматыда 4 761, және Шымкентте 11 638 жас кезекте тұр.

Контекст

2020 жылы басқа өңірлерде қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жастарға берілген баспана көрсеткіші:

  • Солтүстік Қазақстан облысыда – 33 (2800 жас кезекте тұр);
  • Алматы облысыда – 300 (5000 жас кезекте тұр);
  • Жамбыл облысыда – 145 (1981 жас кезекте тұр);
  • Ақтөбе облысыда – 212 (4463 жас кезекте тұр);
  • Атырау облысыда – 566 (2000 жас кезекте тұр);
  • Қостанай облысыда – 355 (6462 жас кезекте тұр);
  • Маңғыстау облысыда – 123 (1000 жас кезекте тұр);
  • Қызылорда облысыда – 134 (4945 жас кезекте тұр);
  • Шығыс-Қазақстан облысыда – 984 (5230 жас кезекте тұр);
  • Ақмола облысыда – 730;
  • Павлодар облысыда – 108 (4231 жас кезекте тұр);
  • Қарағанды облысыда – 169 (7079 жас кезекте тұр);
  • Түркістан облысыда – 233 (932 жас кезекте тұр);
  • Батыс-Қазақстан облысыда – 240 пәтердің (8500 жас кезекте тұр) кілті табысталған.

Сондай-ақ, Алматы қаласының «Алматы жастары» өңірлік бағдарламасы аясында – 967 пәтер берілген. Жалпы республика бойынша 2020 жылы 6299 адам пәтер алды.

Естеріңізге сала кетейік, Property Prices Index by Country есебіне сәйкес, Қазақстан 2021 жылы ипотеканың қолжетімділігі бойынша 109 елдің ішінде 74-орынға тұрақтаған. Сарапшылардың есебінше, Қазақстанда 20 жыл мерзімге ипотека көлемі 90 ш.м. пәтер сатып алудың ай сайынғы төлемі бір отбасының ай сайынғы табысынан 1,5 есе артық.

ЕАЭО елдері арасында Ресей ипотеканың қолжетімділігі бойынша 65-орында, бірақ бұл ретте ай сайынғы төлем отбасының табысынан 30,3%-ке артық. Армения 93-орында, Беларусь — 96, ал Қырғызстан — 98-орында тұр; бұл елдерде ипотека бойынша ай сайынғы төлем отбасының табысынан тиісінше 2.3, 2.5 және 2.6 есе асады.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz