ДДСҰ басшысы пандемияның өте қауіпті кезеңі келгенін мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус пандемияның өте қауіпті кезеңі келгенін мәлімдеді. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлайды.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта вакцинасы бар мемлекеттер шектеуді жеңілдетіп жатыр.

Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы төтеп бере алмай жатқан елдерде адам өлімі және ауруханада жатқан адам саны артты. Бұған коронавирустың жаңа штаммдары әсер етті.

ДДСҰ басшысы

Гебрейесус мұндай жағдайдан шығудың жалғыз жолы бар екенін айттты. Оның сөзінше, елдер арасында вакцинаны, дәрі-дәрмекті және қорғаныс құралдарын әділ бөлу қажет.

Ұйым басшысы COVAX бағдарламасы арқылы жағдайды жақсартуға болатынын айтып, елдерге осы бағыт бойынша біраз жұмыс жасау қажет екенін мәлімдеді.

Контекст

  • COVAX – кедей елдерді вакцинамен қамтамасыз ету үшін құрылған ғаламдық бағдарлама.
  • ДДСҰ дерегінше, пандемия басталғалы әлемде коронавирус шамамен 184 миллион адамнан анықталды. Ал төрт миллионға жуық науқас қайтыс болды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz