ДДСҰ 2022 жылы ересектерге екпе егуге 45 млрд доллар кететінін болжады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус келесі жылы әлемдегі ересек адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина салу үшін шамамен 45 млрд доллар керек екенін айтты. Бұл туралы ДДСҰ-ның ресми сайты хабарлады.

Оның айтуынша, келесі жылы ересек адамдарға вакцина салу үшін әлем ұйымдарына шамамен 35-45 миллиард доллар қажет.

Гебрейесус вакцинация мен коронавирус инфекциясына қарсы күреске даярланған әлемдік ұйымдардың бағдарламаларын қаржыландыру мәселесін G7 мемлекет басшылары ғана шеше алады деп санайды. Оның сөзінше, G7-ге мүше елдердің қаржысы әлемдегі вакцинация ұйымдарының жұмысын жеделдетуге және қажетті сомманың едәуір бөлігін бөлуге әлі жетеді.

Төлепберген Маликов
Төлепберген Маликов. Байқоңыр қаласында туған. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.