Чек бермегені жайлы хабарлаған азаматқа 1000 теңге төленеді

Касса аппаратында чек бермеуге байланысты «заңбұзушылық әрекетті» хабарлаған қазақстандықтарға 1000 теңге сыйақы төленеді. ҚР Үкіметі жаңа заң ережелерін бекіткені туралы Orda.kz хабарлады.

2017 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР Салық кодексі 22-бабының 14-тармағына сәйкес (салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы), банк картасын пайдаланып, төлемдерді қабылдауға арналған бақылау касса аппаратындағы құқықбұзушылық туралы хабарлаған адамға сыйақы берілетіні жазылған.

Азаматтар сыйақыны мемлекеттік бюджет есебінен алады. Яғни, «мемлекеттік сатып алу» конкурсында жеңіске жеткен компания қолданушының ұялы телефон операторына 1000 теңге бірлік аударады. Бұл заң 2021 жылдың 28 мамырынан бастап күшіне енеді.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz