Бразилия президенті журналистің “абыройына нұқсан келтіргені үшін” өтемақы төлейді

Бразилия соты ел президенті Жаир Болсонаруға журналист Кампос Меллоның ар-намысына тигені үшін өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Былтыр Бразилия президенті журналисті өзі туралы жағымсыз ақпарат алу үшін дереккөзге “жыныстық қатынасқа түсуге ұсынды” деп айыптаған. Ал сот шешімінше, Болсонару журналистің абыройына нұқсан келтірді.

Сот шешімі бойынша, президент журналистке 20 мың реал (шамамен 1 485 мың теңге) өтемақы төлеуі тиіс. Сонымен қатар, “журналистерді қудалауға қарсы тобы” бұл шешім Бразилиядағы әйел репортерлер мен кәсіби журналистика үшін «керемет күн» деп хабарлады.

BBC дерегінше, президент Болсонару өзінің әкімшілігін сынаған журналистерге дұшпандығымен танымал. Ол 2019 жылдың қаңтар айынан бастап президент қызметін атқарып келе жатыр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz