Ауғанстанның экс-байланыс министрі Германияда пицца жеткізетіні рас па?

23 тамызда қазақстандық ZTB Qazaqstan желілік басылымы немістің Leipziger Volkszeitung газетіне сілтеме жасай отырып, Ауғанстанның бұрынғы байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Сайед Ахмад Шах Садааттың қазір Lieferando сервисінде жұмыс істейтінін және велосипедпен пицца жеткізетінін хабарлады. Ол Ашраф Гани президент болып тұрған кезде 2018-2020 жылдары министрлер кабинетінің мүшесі болды. Оның пицца тасып жүргені қаншалық рас екенін тексереміз.

Пікір: Ауғанстанның бұрынғы байланыс және ақпараттық технологиялар министрі қазір Германияның Лейпциг қаласында курьер болып жұмыс істейді.

 ZTB Qazaqstan

Үкім: Шындық

Бұл туралы Leipziger Volkszeitung газетінің хабарлағаны рас. Бұл жаңалық кеңінен таралды, әсіресе әлеуметтік желілерде, мысалы, 2000 ретвит және Newsweek мәліметі бойынша, Reddit -те 5000 апвоут алды. Бұрынғы министрдің өзі екеніне көз жеткізу үшін оның Facebook-аккаунтын таптық.

Ауғанстанның экс-байланыс министрі Германияда пицца жеткізетіні рас па?

Facebook-те жарияланған Сайед Ахмад Шах Садааттың фотосы. Немесе мынау:

Ауғанстанның экс-байланыс министрі Германияда пицца жеткізетіні рас па?

Сайед Ахмад Шах Садаат өзінің постында былай деп жазады: Екі магистр дәрежесі мен бір дипломға (бакалавр дәрежесі болса керек – ред.) қарамастан, 20 жылдық жұмыс тәжірибем болса да неміс тілін білмеймін. Бұрын Германияда жұмыс істеуге мүмкіндігім болмады. Құдай адамды еңбек ету мен ғибадат ету үшін жаратты, сондықтан біз алға ұмтылу үшін жұмыс істеуіміз керек.

Әрі қарай автор әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары оның уақытша жұмысы туралы ақпаратты кеңінен таратқанын және ол жұмысы үшін ұялмайтынын жазады. Оның айтуынша, бұл мұсылманға рұқсат етілген ақша табуға деген ұмтылыс.

Ескерту: ZTB хабарлағандай, Гани үкіметі 2020 жылы Садаат өзі басқарып отырған ведомство қаржысын тәліптерге қарсы мемлекет стратегиясына беруден бас тартқан соң оны отставкаға кетуге мәжбүр етті. Дегенмен неміс баспасөзінің хабарлауынша (Садааттың айтуынша, ал оның мәлімдемесін тексере алмаймыз), былтыр ол Ашраф Гани басқарған бұрынғы үкіметтің жемқорлыққа байланысты себебіне орай қызметінен кетіп, Германияға ұшуға мәжбүр болды. Экс-министрдің айтуынша, мемлекет қытайлық байланыс спутнигін сатып алуға қаражат бөлуі керек еді, бірақ Талибан елді басып алу қаупі туғанда үкімет министрліктердегі қаржыны өз шотына аудара бастады. Садаат бұл іске араласудан бас тартады да, содан кейін оған оның қызметі енді қажет емес екені туралы тұспалдап мәлімдеді – содан кейін ол ұшаққа мініп, Германияға ұшып кетті.

Newsweek тілшісі бұрынғы министрмен Facebook желісінде байланысқа шықты, ол тілшіге неміс тілін үйреніп, телекоммуникация саласында жұмысқа орналасатынын айтты.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz