Apple Ресейдің монополияға қарсы қызметінің үстінен сотқа шағымданды

10 мамырда Apple Inc. корпорациясы Ресей монополиямен күрес федералдық қызметінің үстінен (ФАС) Мәскеудің Арбитраж сотына шағым түсірдім. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

Соттың хабарлауынша, тараптардың татуласу келісімін жасауға құқығы бар. Ал сот отырысы 21 маусымға белгіленді.

Сәуірде Ресей монополиямен күрес федералдық қызметі (ФАС) Apple корпорациясына App Store бағдарламасындағы “нарық бәсекелестігін шектегені үшін” 906 299 392 рубль (12 миллион доллардан астам) айыппұл салған.

Шағымды компьютерлерге антивирус бағдарламалары мен қорғаныш құралдарын орнататын “Касперский зертханасы” компаниясы түсірген. Компания өкілдерінің айтуынша, Apple олардан ата-ана бақылауы туралы қосымшаның функционалдарын қысқартуды талап еткен.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz