Рейхстагқа ту тіккен кім?

1945 жылы Рейхстагқа ту тіккен батырлар жайлы біренеше дерек бар. Жалпы бұл оқиға талай зерттелген. Factcheck.kz 9 мамыр қарсаңында архивтегі деректерге сүйене отырып, осы оқиғаға қатысты фактілерді іздестірді.

1945 жылы 30 сәуірде сағат 14:25-те аға сержант Сьянов ротасының жауынгерлері ғимараттың төбесіне баспалдақпен шығып, Рейхстаг күмбезіне жетті. Ержүрек жауынгерлер коммунист лейтенант Берест, Комсомол Қызыл әскер қатарындағы Егоров және кіші сержант Кантария Рейхстагқа ту тіккен. Германия парламенті ғимаратының үстінде Кеңес Одағының мақтан тұтатын Туы — біздің ұлы жеңісіміздің нышаны болды

Кеңестік дереккөздерде ту тіккен сәт осылай сипатталған

Қандай дәлелдер мен нұсқалар бар?

Әрбір қазақстандық оқушы алғаш болып Рақымжан Қошқарбаев пен Георгий Булатов Рейхстагқа ту тіккенін тарих оқулығынан біледі. Алайда сол кездегі партия номенклатурасы Иосиф Сталинге грузиялық Мелитон Кантарияны ұсынған. Ол ту тіккені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1946 жылғы 8 мамырдағы жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған. Сонымен қатар, екінші Михаил Егоров ретінде Ленин ордені мен Алтын Жұлдызды берген. Алайда фотокорда (фотоаппаратта) бірінші болып ту тікпегенін көргенде “біз бірінші емес екенбіз!» деп мойындады.

Бірқатар ресейлік БАҚ осы тақырып бойынша зерттеу жариялаған. Мысалы, «Новая газета» И.Сталинге жолданған жеделхатқа сілтеме жасайды.

Бірінші атқыштар батальонының барлау взводының командирі, кіші лейтенант Қошқарбаев пен полк барлау взводының жауынгері Булатов Рейхстаг ғимаратының үстінде ту тіккен.

Жеделхаттан үзінді

Комсомольская правда зерттеуінде Жеңістің туын көтерушілер Георгий Булатов пен Семен Сорокин екені жазылады.

Ресей архивіндегі деректер және СІМ мәлімдемесі

Рейхстагқа ту тіккен кім?
РФ Қорғаныс министрлігінің Орталық архивінің құжатына сәйкес, Рейхстаг ғимаратына бірінші болып: лейтенант Қошқарбаев, қатардағы жауынгер Булатов, сержант Егоров және кіші сержант Кантария кірген.

Ал биыл Ресей СІМ Қошқарбаев пен Булатовтың Рейхстагқа бірінші болып ту тіккенін мәлімдеді. Шыны керек, бұл тарихи мойындау еді.

Рейхстаг баспалдақтарына көтерілген алғашқы батырлардың қатарында 20 жастағы лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен 19 жастағы Қызыл әскер Григорий Булатов болды.

Министрліктің ресми инстаграм парақшасынан

Сонымен қатар, Ресей СІМ Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовқа Рейхстагқа шабуыл кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Қызыл Ту орденімен марапатталғанын да жазған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz