Amnesty International жаһандық құқық қорғау акциясын бастады

Amnesty International құқық қорғау ұйымы “хаттар марафоны” атты жыл сайынғы құқық қорғау акциясын бастады. Бұл акция бойынша кез келген адам әлемнің түкпір-түкпірінен құқығы бұзылғандарды қорғау мақсатында хат жібереді.

“Марафон” кейіпкерлерінің тізіміне Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек те енді. Темірлан — “хаттар марафонының” тізіміне енген алғашқы қазақстандық.

Адам құқығын қорғайтын Amnesty International ұйымының ресми сайтында Темірлан Еңсебекті қудалауды тоқтатуға шақыратын петицияға қол жинап жатыр.

2021 жылдың 15 мамырында Instagram-да @qaznews24 сатира парақшасының авторы Темірлан Еңсебек ұсталды. Оның үйіне тінту жүргізіп, кейін оны Алматыдағы полиция департаментіне жеткізіп, бірнеше сағат жауап алған. Қазіргі уақытта тергеу ҚР ҚК 274-бабы бойынша жүріп жатыр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz