Amnesty International ұйымы әлемде өлім жазасы азайғанын хабарлады

Amnesty International құқық қорғау ұйымы әлем бойынша өлімге кесу үкімі азайғанын хабарлады. Бұл туралы DW сайты ұйымның баяндамасына сілтеме жасап хабарлады.

Сарапшылардың дерегінше, 2020 жылы 18 елде 483 адам, ал бір жыл бұрын 20 елде 657 адам өлім жазасына кесілген. Олардың айтуынша, бұл 2007 жылдан бергі ең аз статистика. Жалпы мұндай деректер 2007 жылдан бастап есептеледі.

Атап айтқанда, былтыр Беларусьте бірде-бір өлім жазасы анықталмаған. Сонымен қатар, ұйым сарапшыларының айтуынша, Пәкістан, Судан, Бахрейн, Сингапур және Жапонияда осындай жағдай тіркелген.

Ал Сауд Арабиясында өлім жазасы 85 пайызға — 184-тен 27-ге дейін азайған. Алайда, құқық қорғаушылар Қытайдағы жағдайға алаңдайды. Себебі мұнда өлім жазасы мемлекеттік құпия болып саналады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz