Amazon негізін қалаушы Джефф Безос ғарышқа ұшады

20 шілдеде Джефф Безос өзіне тиесілі Blue Origin компаниясының New Shepard кемесімен ғарышқа ұшады. Безоспен бірге інісі Марк Безос те ғарышқа бірге барады. Бұл туралы Rbc.ru сайты хабарлады.

5 жасымнан ғарышқа ұшуды армандадым. 20 шілдеде ініммен ғарышқа саяхат жасаймын. Бұл ең жақын досыммен ұлы оқиға болатыны сөзсіз. Жерді ғарыштан көріп жерге деген арақатынасымды өзгерткім келеді.

 Джефф Безос

Контекст

  • 7 маусымда Blue Origin компаниясы Джефф Безос пен оның інісі Марк Безос ғарышқа ұшатынын хабарлады. Бұған қоса, Безостармен бірге ғарышқа ұшқысы келетін адамдар арасында аукцион жалғасып жатыр. Аукцион жеңімпазы Джефф және Марк Безозспен ғарышқа аттанады.
  • Blue Origin дерегінше, аукционға әлемнің 143 елінен шамамен 6 мың адам қатысып жатыр. Әзірше, аукциондағы бәстің соңғы сомасы 2,8 млн доллар (шамамен 1,2 млрд теңге) құрады.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz