Алматы соты блогер Ермек Тайшыбековті жеті жылға бас бостандығынан айырды

19 тамызда Алматы қаласының Әуезов аудандық соты блогер Ермек Тайшыбековті “ұлтаралық араздықты қоздырды” деген айыппен жеті жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Mediazona.ca сайты хабарлады.

Тайшыбеков былтыр қыркүйекте ресейлік Украина.ру журналистеріне берген сұхбатынан кейін қамауға алынды. Сұхбат барысында “Қазақстанда русофобия мемлекеттік идеология болып табылады” деп айтқан.

Оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов Азаттық радиосына Тайшыбековтің өзіне тағылған айыпты мойындамағанын айтты. Сонымен қатар, үкімге міндетті түрде шағым түсіретінін жеткізді.

Контекст

  • Азаттық радиосының хабарлауынша, Тайшыбеков 2015 жылы желтоқсанда Facebook желісіндегі жазбаcы арқылы ұлтаралық араздық тудырды деп төрт жылға сотталған.
  • 2016 жылы ЕҚЫҰ өкілі Қазақстандағы блогерлерге қатысты үкімдерді сынға алды. Ал 2017 жылы Тайшыбек мерзімінен бұрын босап шықты.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz