“Алаяқтық” бабы бойынша құқық бұзушылық артты ма?

15 қыркүйекте өткен мәжілістің жалпы отырысында депутат Ли Юрий соңғы жылдағы еліміздегі алаяқтық, әсіресе интернет алаяқтықтың көбейгені жайында сөз қозғады. Статистикалық деректер келтіріп, депутаттық сауал жолдады. Мәлімдемелерді Factcheck.kz сайты тексеріп көрді.

Тайм-код: 1:36:15

2020 жылғы 1 наурыз бен 2021 жылғы 1 сәуір аралығында ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) және 217-бабы (қаржылық инвестициялық пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша 41 307 құқық бұзушылық тіркелді.

Ли Юрий

Үкім: Шындық

ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің статистикасы бойынша, 2020 жыл 1 наурыз бен 2021 жыл 1 сәуір аралығында ҚР Қылмыстық кодекстің 190- және 217-баптары бойынша 40 854 құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 47,57%-і, яғни 19 435-і интернет алаяқтық.

Зардап шеккендердің жалпы саны 40 833 адамды құрады.

Ли Юрий

Үкім: Шындық

Qamqor.gov.kz сайтының мәліметінше, 2020 жыл 1 наурыз бен 2021 жыл 1 сәуір аралығында ҚР Қылмыстық кодекстің 190- және 217-баптары бойынша зардап шеккен адамдардың саны – 39 670.

Келтірілген залалдың мөлшері: 417 млрд теңге.

Ли Юрий

Үкім: Жалған

Qamqor.gov.kz сайтының мәліметінше, ҚР Қылмыстың кодекстің 190- және 217-баптары бойынша, 2020 жыл 1 наурызы мен 2021 жыл 1 сәуірі аралығында тіркелген қылмыс саны бойынша шығын 249,8 млрд теңгені құрады. Депутат айтқандай 417 млрд теңгеден әлдеқайда аз.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz