Ақтаудағы подъездің есігін сваркілеп тастағаны рас па?

Ақтау қаласында коронавирус табылған үйдің подъезін дәнекерлеп (сваркамен) тастапты деген суреттер мен жазбалар тарап жүр. Тіпті есіктің астыңғы бөлігі кесілген суреттер де шықты. Олар мұны азық-түлікті кіргізу үшін әдейі кесілген деп жазды. EFMN мүшесі, Украиналық серіктесіміз bez-brehni бұл ақпаратты тексерген болатын. Біз серіктесіміздің материалын Factcheck.kz оқырмандарына ұсынып отырмыз.

Ақтаудағы подъездің есігін сваркілеп тастағаны рас па?

Ақтауда коронавирус анықталған үйдің подъезін сваркілеп тастаған

Үкім: Шындық әрі манипуляция

Ақтау қалалық әкімдігінің мәлімдеуінше, сол үйдің екі тұрғынынан коронавирус анықталғаны рас және тұрғын үй толығымен дезинфекцияланған.

Алайда адамдардың бір-біріне “подъездің есігін құлыптап тастапты” деп жіберіп жатқан жазбалары шындыққа сәйкес келмейді. Әкімдіктің айтуынша, ақпарат бұрмаланған яғни манипуляция.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қала тұрғындарының назарына!!! 📌📌📌📌 Әлеуметтік желілерде және түрлі басылымдарда бір суретке негізделген жалған ақпарат тарауда. Адамдар бір-біріне «подъездің есігін құлыптап, жауып тастаған, тек саңылау қалдырған» деп сурет жіберіп, осыған қарап пікір білдіруде. ________ Айта кетейік, бүгін КВИ жұқтырған ерлі-зайыптылар тұратын үй толығымен дезинфекцияланды. Үйдің айналасында 500 метр арақашықтыққа дейін орналасқан жол, ойын алаңы, спорттық алаңдар, тіпті теректерге дейін залалысыздандырылды. Аталған үйдің барлық подъезі 1-қабаттан бастап, арнайы мамандармен тазаланды. Карантинге жатқан подъездің тұрғындарына санитарлық мамандары барлық ережелерді түсіндірді. Карантин режимінің талабына сәйкес, науқас анықталған подъез тұрғындары оқшаулану керек. Тәулік бойына полиция қызметкерлері тұрады, күндіз әкімдік қызметкерлері тұрғындардың сұранысына орай, азық-түлік пен керек-жарақтарын уақытылы қажетіне орай жеткізіп тұрады. Барлығының ұялы телефондары жазулы. Әрқайсысымен байланысып тұрамыз. Сондықтан есіктің ашық екенін жеткіземіз және түнде ғана сыртынан жабылады. Саңылау не үшін жасалды? Түнде ыстық тамақ пен басқа да заттарды апарушыларға ыңғайлы болу үшін және тұрғындар қоқыстарын шығару үшін істелді. ________ Қала тұрғындарынан барлық жағдайға түсіністік танытуын сұраймыз! Мемлекеттің қазынасы – халық! Біз үшін әрқайсыңыздың саулығыңыз маңызды. Қазір сол подъездің тұрғындары сіздер тарапынан келіп жатқан пікірлерді оқып отыр. 14 күн оқшаулану оңай емес. Сондықтан жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз! 🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹 К сведению наших граждан! 📌📌📌📌📌📌 В рассылках много идет неправильной информации на основе одной фотографии. Люди пересылают фото и сопровождают своими комментариями, что дверь подъезда заварили, сделав лишь квадратное отверстие. __________ Поясняем, при обноружении больного КВИ, проживающего доме, весь дом был продезинфицирован. Вся террритория в радиусе 500 метров также продезифицирована, все площадки, все спортивные и игровые зоны, даже кустраники и деревья. Почти каждый сантиметр. Все подъезды этого дома с первого этажа до верхни были продезинфицированы соответсвующими специалистами.

Публикация от АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@aktau_akimat)

Әкімдіктің ресми Instagram парақшасында ақпаратты растау үшін арнайы сурет пен видео салынған. Видеода есік ешқандай да құлыпталмаған. Ал, адамдарды далаға шығармай полиция күзетіп отырғаны рас. Есіктің астыңғы бөлігінің кесілген себебі – тұрғындарға азы-түлік жеткізу және қоқыс шығару үшін. Бұл карантин режимі 14 күнге созылады.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz