Абайлаңыз, алаяқтар! | Несиеңізді төлеймін деп қалтаңызды қағады

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде алаяқтықтың жаңа түрі жайлы әңгіме тарап жүр. Олар әлеуметтік желі арқылы несиеңізді не басқа да қарыздарыңызды өшіріп беремін деп ақша сұрайды. Factcheck.kz сайты Finance.kz материалына сүйене отырып, алаяқтардың жаңа схемасын егжей-тегжейлі түсіндіріп береді.

Абайлаңыз, алаяқтар! | Несиеңізді төлеймін деп қалтаңызды қағады

Схема қалай жұмыс істейді: Сізге әлеуметтік желі арқылы несие тарихыңызды өшіріп беремін деп белгілі бір сомада ақша сұрайды. Өздерінің кредиттік бюро базасына қол жеткізе алатындығын және сол арқылы “жаңа бір бағдарламаны” әзірлегенін алға тартып, “мәңгілікке” несиеңізді жояды-мыс. Ол үшін тек аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз және ЖСН ғана керек.

Қазақстандықтардың жанды жері – несие болғандықтан оны база арқылы “өшіріп беру” схемасы халық арасында сұранысқа ие. Сонымен қатар, осындай жүйе арқылы біз тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде, Украинада да жұмыс істеп жатырмыз деп сендіруге тырысады.

Абайлаңыз, алаяқтар! | Несиеңізді төлеймін деп қалтаңызды қағады

Қызметі де қатты қымбат емес (80 мың тг), яғни, қолжетімді. Сіз ақшаны төлеген соң бірден телефоныңызға “несие толығымен төленді және басқа қарызыңыз жоқ” деген хабарлама келеді. Алайда ешқандай да несие төленбейді, сіз алданғаныңызды білген сәтте алаяқтар ізін суытып үлгереді.

Естеріңізге сақтаңыздар: Сіздің несиеңізді сізден басқа ешқандай ұйым, агенттік не “халықаралық” компания жауып бере алмайды немесе несие тарихыңызды жоя алмайды!

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz