30.10 | Беларусь шекарасын жапты, Ресейде вакцинаның тапшы, Salemdeputat.kz арқылы депутаттарға сұрақ қойыңыз

Беларусь шекарасын жапты

Беларусь көршілес Латвия, Литва, Польша және Украинадан адамдардың келуіне шектеу қойды. Бұл туралы Беларусь шекара комитеті Telegram каналында хабарлады.

Беларусь Республикасы көршілес елдердегі эпидемиялық жағдайға байланысты Латвия, Литва, Польша және Украинадан келген жекелеген санаттағы адамдарға жердегі бақылау бекеттері арқылы кіруге уақытша шектеу қояды

Беларусь шекара комитеті

Сонымен қатар, дипломатиялық өкілдерге, консулдық мекеме қызметкерлеріне, халықаралық автомобиль тасымалдайтын көлік жүргізушілеріне, халықаралық теміржол байланысының пойыз және локомотив бригадасының мүшелеріне шектеу қойылмайтыны ескертілді.

Сонымен бірге, Минск әуежайындағы бақылау пунктінің жұмысына шектеу қойылмайтыны айтылды.

Ресейде коронавирус вакцинасының сынақтары тоқтатылды

Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны зат тапшылығына байланысты және сұраныс көп болғасын өндіріп үлгермей жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Ресей жоғары сұраныс пен шикізат жетіспеушілігіне байланысты жаңа еріктілерге коронавирусқа қарсы вакцинациялауды уақытша тоқтатты.

Reuters агенттігіне Мәскеуде орналасқан 25 клиниканың сегізінде жұмыс жасайтын қызметкерлері жаңа еріктілерге вакцинациялауды уақытша тоқталыған айтты. Сонымен қатар, бірнеше клиника Reuters агенттігіне вакцина мөлшерінің таусылғанын және еріктілердің көптеп келіп жатқанын хабарлады.

Salemdeputat.kz сайты іске қосылды

Қазақстанда депутат пен халықтың байланысын нығайтуға арналған Salemdeputat.kz сайты іске қосылады. Оның көмегімен ел тұрғындары депутаттарға тікелей сұрақ қоя алады. Zertteu Research Іnstitute қоғамдық қоры өкілдерінің айтуынша, сайт облыстық мәслихат немесе парламент мәжілісінің депутатына электрондық ашық хат жіберуге мүмкіндік береді.

Олардың айтуынша, ашық хаттарды пайдалана отырып, азаматтар елдің, қаланың, ауданның немесе ауылдың бюджеті туралы сұрақ қоя алады.

Жоба жетекшілері барлық облыстық мәслихаттардан “депутаттардың электрондық мекен-жайын” сұраған. Мәслихат депутаттарының үштен екі бөлігі жауап берген.

Қалай өтініш жазу керек?

  • Salemdeputat.kz сайтына кіру
  • Ашықхат таңдау
  • Ұсыныс, өтінішіңізді жазу
  • Сауал жолдайтын депутатты таңдау
  • Өз мәліметіңізді көрсетіп, жолдайсыз
  • Ашықхат жолдағаныңыз туралы әлеуметтік желіге бөлісесіз.

Ұйымдастырушылар депутаттың халыққа назарын аудару үшін мұндай әдісті кеңінен таралған әлемдік тәжірибе екенін айтты.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар мәслихаттар мен мәжіліс депутаттарымен байланысу үшін олардың қабылдауына жазылады. Сонымен бірге, мәслихаттар мен мәжілістің сайттарында көрсетілген жұмыс телефондарына қоңырау шалады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz