20.11 | iPhone 12 Pro камерасына анализ, Facebook vs АҚШ билігі және белсенділердің ұсталуы

Facebook vs АҚШ билігі

АҚШ федералды билігі Facebook компаниясына монополияға байланысты айып тағуы мүмкін. Мұндай шешімге Instagram мен WhatsApp бағдарламаларын сатып алуы түрткі болды. Бұл туралы The Washington Post басылымы хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, биыл желтоқсан айының басында айып тағу жоспарланып отыр. Сот отырысына АҚШ-тың республикалық және демократиялық партияларының өкілдері басқаратын 40-қа жуық штаттың билігі қатысады. Басылымның дереккөздері Facebook тарихындағы ең ауқымды және күрделі сот болуы мүмкін деп санайды.

Дереккөздің айтуынша, монополияға қарсы органдар Facebook-тың модификациясына Instagram мен WhatsApp-ты сатып алғаннан кейін анализ жасаған.

Apple iPhone 12 Pro-ның алдыңғы камерасына анализ жасалды

DxOMark зертханасының мамандары Apple iPhone 12 Pro-ның алдыңғы камерасы туралы анализ жасады. Бұл туралы компанияның сайтында хабарланды.

Бұл нәтиже смартфонға тек жетінші орында болуға мүмкіндік берді.

  • Huawei mat 40 Pro (1 орын және 104 ұпай)
  • Huawei P40 Pro
  • Asus ZenFone 7 Pro
  • Samsung Galaxy C20 Ultra 5G,
  • Huawei nova 6G
  • Samsung Galaxy Note 10+ 5G
  • iPhone 12 Pro

Мамандардың айтуынша, iPhone 12 Pro тестілеу кезінде iPhone 11 Pro Max моделіне қарағанда әлдеқайда жақсы нәтиже көрсеткен.

Ақтауда үйі тінтілген белсенділердің екеуі 48 сағатқа қамауға алынды

Ақтауда полиция “тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты” деп күдікке ілінген екі белсендіні уақытша қамау изоляторына 48 cағатқа қамады. Бұл туралы Азаттыққа белсенділердің туыстары хабарлады.

Ақпарат бойынша, 19 қараша күні сағат 21:00 шамасында Ақтау қаласында белсенділер Абзал Қаналиев пен Айжан Исмакова қамауға алынған. Туыстары Айжан Исмакованың екі жастағы сәбиінің барлығына да қарамағанын айтады. Абзал Қаналиевтің мүгедектігі бар.

Оларды әлеуметтік желідегі белсенділігі үшін айыптап отыр. Алайда ой-пікірлерін білдіруге әркімнің де құқығы бар. “Тыйым салынған ұйымның жұмысына қатысты” деген айыпты тағу үшін олар жарна төлеп, мүше болып, сол ұйымға араласуы керек. Мұның түбінде алда келе жатқан 16-17 желтоқсанда (Тәуелсіздік күні және Жаңаөзен оқиғасына 9 жыл) ешкім ешқайда шықпасын, сайлауға бармасын деген ниет жатыр деп ойлаймын. Қамап тастаса, олар ешқайда шыға алмайды, – дейді адвокат Айгүл Айжарықова.

Осыдан бірнеше күн бұрын полиция Ақтауда белсенділер Абзал Каналиев, Айжан Исмакова, Оразғали Назаров, Болат Нұрғазин, Талғат Ахметов, ерлі-зайыпты Нұрберген Әлиханов пен Ләззат Асықбаева, Ұлболсын Тұрдиева, Шолпан Жанұзақованың үйін тінтіп, бірқатар гаджеттерін тәркілеген.

Кейінірек Жаңаөзен тұрғындары Шолпан Өтекеева мен Жеңіс Әкімов, бейнеулік Ерғали Қайыпназар мен Мерей Құрбақовтың да үйіне тінту жасалғаны белгілі болды. Олардың адвокаты Айгүл Айжарықованың айтуынша, белсенділерді алдымен әлдебір қылмыстық іске “куә” деп танып, кейін оларды “күдіктілер” қатарына ауыстырған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz