19.10 | Instagram, Facebook және түрмедегі тамақтандыру

Instagram жасырын жарнама жасаған танымал адамдарды жазалайды

Британдық реттеушілер блогерлердің жазбаларында жарнама белгілерінің жоқ екенін анықтады. Инстаграм ережелеріне сәйкес блогер мен компания арасындағы кез-келген коммерциялық келісімдерде #ad немесе #sponsored хэштегі болуы керек.

Британдық реттеушілердің пікірінше, Instagram әкімшілігі бұл проблеманы шешуге нақты қадамдар жасамаған. Кейін Facebook (Instagram иесі) ережені бұзған блогерлерді анықтайтын алгоритмді іске қосты. Сонымен қатар, желі әкімшілігі қолданушылардан жарнамаға гонорар төленгені-төленбегені туралы ақпарат сұрайды.

Әлеуметтік желі әкімшілігі жарнамаға тапсырыс берген компанияларға ереже бұзған блогер туралы ақпарат жеткізеді. Бұл ереже блогердің репутациясы мен пайда табуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Тайланд наразы жастарының Facebook желісіне күмәні

Тайланда билікке қарсы митинг өршіген тұста Free YOUTH наразы жастар тобы бір млн оқырманы бар Facebook тобынан Telegram-ға ауысып жатыр.

Free YOUTH тобында жаңадан ашылған Telegram каналға сілтеме қойылған. Наразы жастар Facebook қолдануға тыйым салынуын алаңдайды. Олардың айтуынша, Telegram-да әлдеқайда сөз бостандығына тыйым салынбаған.

Телеграм чат ашылғаннан кейін 7 сағат ішінде 140 мың адам топқа қосылған. Қазіргі уақытта чатта хабарлама жазуға тыйым салынған.

19.10 | Instagram, Facebook және түрмедегі тамақтандыру

Еске сала кетейік Тайландта демонстранттар премьер-министр Прают Чан-Очаның тез арада отставкаға кетуін талап етіп жатыр.

Қазақстанда қамалғандар қанша теңгеге тамақтанады?

Қазақстанда 2021 жылдан бастап қамаудағы бір адамға порция мәзірінің тәуліктік нормасы 1050 теңгені құрайды. Мұндай шешім сотталғандардың тамақ мәзірін түрлендіру үшін жасалынып отыр. Бұл туралы онлайн-брифингте ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов мәлімдеді.

«Үкіметтің қаулысымен қазақ тамақтану академиясының ұсынысы бойынша, тамақ мәзірі бекітілді. Өнімдердің тізімі 26 тармақтан тұрады. Қазіргі уақытта бір адамға тамақ шығыны 630 теңгені құрайды. Министрдің тапсырмасы бойынша, біз бұл мәселені пысықтап, өнімдер тізімін 33 тармаққа дейін көбейтуді ұсындық. Келесі жылдан бастап күн сайын бір адамға кететін шығын 1050 теңгені құрайды», – деді Жанат Ешмағамбетов.

Ешмағамбетовтың айтуынша, Қазақстан абақтыларында “электронды дүкендер” орнатылады. Оның көмегімен абақтыға қамалғандар рұқсат етілген заттарға тапсырыс бере алады. Мұндай аппараттар Ақмола және Алматы облысында бар.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz