Жолдауға фактчек: Тоқаев жол апаты туралы рас сөйледі ме?

Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты жолдау жасады. Жолдауда еліміздегі елеулі мәселелерді қозғап, соның ішінде жол апатына алаңдаушылық білдірді. Тоқаевтың айтуынша, жыл басынан бері жол-көлік апатынан 1 300-ден астам адам қаза болған. Factcheck.kz президент сөзін тексерді.

Мәлімдеме: Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 1 300-ден астам адам қаза болып, 16 мыңнан астам азамат зардап шекті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, президент

Үкім: Шындыққа жақын

Qamqor.gov.kz дерегінше, 2024 жылдың қаңтар-шілде айында 12 676 жол апаты тіркелген. Одан 17 303 адам зардап шегіп, 1 254 адам қаза болды. Оның 909-ы ер адам болса, 345-і әйел.

2024 жылы жол апаты да, зардап шеккендер мен қаза болғандар саны да кейінгі 5 жылдағы тиісті кезеңмен салыстырсақ — көбірек.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz