Цифрлық құқық деген не және ол неге маңызды

Жаһандық желінің аналитикасын жасайтын DataReportal қызметі 2024 жылғы сәуірде интернетті пайдаланушылар саны 5,44 миллиард адамға жеткенін (әлем халқының 67,1%) хабарлады. Қазіргі кезде өмірдің барлық саласын цифрландыру үкіметтің негізгі міндеті. Технологияның жылдам дамып келе жатқаны сонша, бүгінде азаматтардың күнделікті жұмысының бір бөлігі цифрлық ортамен байланысты. Мұндай жағдайда пайдаланушыларға құқықтары қорғалатын қауіпсіз және жайлы кеңістік қажет.

Бұл материалда Factcheck.kz редакциясы цифрлық құқықтың не екенін, цифрлық құқық қалай бұзылатынын және оларды қорғау неліктен маңызды екенін түсіндіреді.

Цифрлық құқық дегеніміз не? 

БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі 2021 жылғы қарарында: «адамның өмірдегі құқығы онлайн да қорғалуы керек» деген тұжырыммен келісті. Осылайша, Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы – цифрлық кеңістікте құқықты қамтамасыз етудің негізі. БҰҰ сарапшылары деректерді қорғау және құпиялық, цифрлық бірегейлік, бақылау технологиясын пайдалану, желідегі зорлық-зомбылық пен бақылау ең маңызды мәселелер деп атады.

Негізгі цифрлық құқық туралы жалпы ақпаратты Еуропа Кеңесінің «Интернет пайдаланушыларына арналған адам құқығы жөніндегі нұсқаулығынан» табуға болады:

  1. Интернетке кіру және алалауға жол бермеу құқығы;
  2. Сөз бостандығы және онлайн ақпаратқа қол жеткізу құқығы;
  3. Интернетте жиналыстар мен бірлестіктер бостандығы құқығы;
  4. Интернеттегі құпиялық және деректерді қорғау құқығы;
  5. Ақпаратқа онлайн қол жеткізу арқылы білім алу құқығы;
  6. Интернетті пайдалану кезінде балалар мен жастардың қорғалу құқығы;
  7. Интернетте құқық пен бостандықтың бұзылуынан қорғау құқығы.

Жақын арада бұл тізім жасанды интеллектке қатысты бөлімдермен толығуы мүмкін. Технологияның қарқынды дамуына байланысты БҰҰ халықты шамадан тыс араласудан қорғау қажеттігін атап өтті.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны және интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету БҰҰ Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) 9-бөлімінде айтылған. Ұйым үкіметтерді цифрландырудың дамуын индекстейді.

Құқық қорғаушы және «Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы Роман Реймердің айтуынша, қазақстандықтардың айтарлықтай бөлігі қызметтерді алу және өз мәселесін шешу үшін күн сайын онлайн қызметтерді пайдаланады, ал мемлекет өз кезегінде цифрлық ортаны кеңейту шарасын қабылдайды.

Алайда, бұл жағдай мемлекетке белгілі бір жауапкершілікті жүктейді және теориялық тұрғыдан үкімет пен қоғам арасында кері байланысты құруға көмектесетін белгілі бір реттеуші ережелер мен кедергілерді жасау қажет болады.

Роман Реймер

Цифрлық құқықтың бұзылуы

Freedom House 2023 үкіметтік емес ұйымының есебіне сәйкес, ғаламдық интернет еркіндігі 13 жыл қатарынан құлдыраған. Зерттеуге қатысқан 70 елдің 29-ында интернеттегі адам құқығының жағдайы нашарлаған. Иран, Беларусь, Никарагуа, Филиппин елдерінде қуғын-сүргін күшейді. Қамтылған елдердің 75%-тен астамының азаматтары желіде өз ойын білдіргені үшін қамауға алынды, ал 41 елдің үкіметі саяси, әлеуметтік және діни контентке цензура жасауға шешім қабылдаған.

2023 жылы цифрлық шектеуден ең көп зардап шеккен Иран. Әдеп полициясы ұстаған 22 жастағы Махса Аминидің өліміне байланысты елде бірқатар наразылық толқыны өтті. Мыңдаған демонстрацияны тоқтату үшін үкімет интернетті, WhatsApp мессенджерін және Instagram-ды шектеді. Соған қарамастан интернетте ақпарат тарата алған азаматтар қудаланды. Мысалы, Telegram-да хабарлама жариялағаны үшін екі адам өлім жазасына кесілді. Белгілі болғандай, ер адамдар «Ырымдар мен діннің сыны» арнасын жүргізгені үшін 2020 жылы ұсталған.

Интернеттегі еркіндікті шектеу жағдайы Қазақстанда да болғаны белгілі. 2022 жылғы қаңтардағы наразылық кезінде ел толығымен цифрлық оқшаулануға тап болды. Толық және ішінара интернетті өшіру 4 қаңтардан 10 қаңтарға дейін созылды. Қазақстандағы ең ірі ұялы байланыс операторы Kcell-дің айтуына қарағанда, байланысты өшіруге үкімет бастамашы болғаны анық.

Толықтай байланысты шектеу бірқатар құқық пен бостандықтың бұзылуына әкелді. Біріншіден, ол кезде Қазақстанда болған әрбір адам ақпараттан қол үзіп қалды. «Шекарасыз репортёр» (RSF) құқық қорғау ұйымы бұл жағдай тәуелсіз БАҚ жұмысына кедергі келтіргенін айтты.

Сондай-ақ, азаматтар онлайн төлем, транзакция жасау, сатып алу, мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндігінен айырылып, ақпаратқа қол жеткізе алмағандықтан көшеге шығып, өмірлерін қатерге тіккен.

2022 жылы билік өзіне айтылған сынға қарамастан, желіде қатаң бақылау әлі де бар. Кейінгі аты шулы жағдайдың бірі – «”Азаттық” радиосын» қолдап, пост жариялаған ProTengе жобасының негізін қалаушы, Жамиля Маричеваның ұсталуы. Мәдениет және ақпарат министрлігі басылымның 36 журналисіне аккредиттеуден бас тарту мен сол кезде мәжіліс қараған түзетулер арасындағы себеп-салдарлық байланыста өтірік айтты (1, 2). Алматының ауданаралық соты журналисті кінәлі деп тауып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салған.

Цензураны табиғи апаттар, мысалы, су тасқыны кезінде күшейеді. Қазақстандықтарды жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді (1, 2), ал ресми құрылымдар коммуникация түзуде қиналады. Мұндай сәттердегі негізгі ақпарат көзі – зардап шеккен аймақтардың тұрғындары, олардың хабарламалары түпнұсқалығын тексеру өте қиын.

Цензураның дәстүрлі түрлеріне қосымша, Freedom House талдаушылары жасанды интеллекті қолдану үрдісін де айтады. Бір қызығы, үкіметтер бір уақытта ЖИ-ті қудалау саласында көмекші құрал ретінде және машинаның интеллектіне байланысты бақылауды күшейту үшін жұмыс жасай алады.

Жаңа технологиялардың келуімен құпиялық мәселесі де шиеленісе түсті. Electronic Frontier Foundation (EFF) халықаралық коммерциялық емес тобы осы санатқа биометрияны, анонимдікті, деректерді сақтауды және жинауды және т.б. қосады. EFF зерттеушілері билік адамдардан ашықтықты талап етіп, оны қылмыспен күресуге итермелейтінін атап көрсетеді. Бұл ретте кей мемлекет жеке деректердің сақталуын қамтамасыз ете алмайды.

DLA Piper заң компаниясы жеке деректерді қорғауды құқықтық реттеу деңгейін: заңнамалық база неғұрлым кең болса, бағасы соғұрлым жоғары болады деп бағалайды. Көріп отырғанымыздай, бірқатар мемлекеттер бойынша ақпарат жоқ, ал басқалары заңнамалық нормалардың минималды жиынтығымен шектеледі.

Цифрлық құқық деген не және ол неге маңызды

Қазақстандық пайдаланушылар үшін жеке деректердің жария болу мәселесі де өзекті. Қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің жария болу жағдайлары туралы жақында Factcheck.kz сайтында жарияланған материалдан толық оқуға болады.

Тақырыптың маңызын MediaNet-тің жақында жүргізген сауалнамасы да растады, оған сәйкес респонденттердің 76,5%-і мемлекет азаматтар туралы ақпаратты жоғалтқаны үшін жазаны қатаңдатуы керек деп санайды.

Цифрлық құқық деген не және ол неге маңызды

Цифрлық құқықтың маңызы

Роман Реймер айтқандай, азаматтар үшін ең алдымен цифрлық құқық маңызды, өйткені олар азаматтық, саяси және экономикалық құқықтың жалғасы іспеттес.

Қазіргі кезде цифрлық инфрақұрылымды пайдаланбайтын әлеуметтік белсенді адамды елестету қиын. Бұл ретте оны пайдалану жеке деректердің жоғалуы сияқты елеулі қатерлермен ұштасады. Сондықтан азаматтар үшін, ең болмағанда, цифрлық ортаны пайдаланудың шартсыз артықшылықтары қатерді де, цифрлық ортада өзін ұстауды қолға алып, жауапкершілікпен қарау қажеттілігін де тудыратынын түсіну өте маңызды.

Роман Реймер

Дүниежүзілік банк G5 Benchmark 2021 талдауы негізінде әлемнің 94 елінде технологиялық трансформация стратегиялары іске асырылуда деген қорытындыға келді. Бағдарламалардың мақсатын белгілей отырып, ДБ сарапшылары технология өмірдің барлық салаларына әсер ететінін және цифрлық дамуға ықпал ететін негізгі фактор — қауіпсіздік пен сенім екенін атап өтті. Сондықтан стратегиялар киберқауіпсіздік жоспарымен бірге жүруі керек, сонымен қатар құпиялық пен этика мәселесін шешуді ұмытпау керек.

БҰҰ-да Орталық Азия елдері өршіл стратегияларды қабылдап, биометрия, жасанды интеллект, бейнебақылау және адам түрін тану жүйесін белсенді дамытып жатқанын атап өтті. Осылайша, 2022 жылы Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту рейтиңінде 28-орында болды. Сонымен қатар, бұрын айтылғандай, DLA Piper мәліметі бойынша, Орталық Азия мемлекеттерінің көпшілігінде құпиялықты қорғау құралдары көп емес.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz