Қазақстанға 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында әкелінген жылқы етінің көлемі 1782,4 тонна болды. Соның ішінде Аргентина, Уругвай, Мексика сынды елдер де бар. Бұл туралы “ҚазАқпарат” ақпарат агенттігінде “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” ҰҚ” АҚ мәліметтері бойынша жарық көрді.
Үкім | Шындық
Алғашқы 9 айдың ішінде импортталған жылқы етінің мөлшері 1782,4 тонна болған. Нақтырақ айтсақ, Аргентина 782,1 тонна, Уругвай 448 тонна, Болгария 398 тонна, Монғолия 82 тонна, Исландия 52,4 тонна және Мексика 20 тонна жылқы етін экспорттаған. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің кедендік статистикаға сүйене отырып берген мәліметтерінше ғаламторда тараған ақпарат шындыққа жанасады.

Деректердің растығына көз жеткізу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне де өтініш жолдаған болатынбыз. Олардың берген жауабынан да ақпараттың рас екенін байқауға болады.

9 айдың ішінде жылқы етін ең көп импорттаған облыстардың ішінде Батыс Қазақстан облысы 1234,3 тоннамен көш бастап тұр. Ақтөбе облысы 446,1 тонна, Ақмола облысы 45,1 тонна, Шығыс Қазақстан облысы 36,8 тонна және Алматы облысы 20 тонна жылқы етін импорттаған.
Сондай-ақ…
Қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан тек Ресей Федерациясына жылқы етін экспорттаған. Оның жалпы мөлшері 2,1 тонна болды. 2016 жылы Қазақстан Республикасында 107,8 мың тонна жылқы еті өндірілсе, 2017 жылы бұл көрсеткіш 9,7 мың тоннаға еселеніп, жалпы көлемі 117,5 мың тонна өндірілген.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.