Duke университетінің зерттеушілері пиксельмен жасырылған адамның бет-әлпетін көрсете алатын жасанды интеллект ойлап тапты. Ол адам танымастай болып өзгерген кез келген бұлыңғыр бетті нақты портретке айналдырады.

Команда жетекшісі, IT маман Синтия Рудин былай дейді:
Бұрын соңды ешқашан суреттер мынадай супер-сапада әрі көп бөлшектермен жасалмаған
Синтия Рудин, команда басшысы
Университет зерттеушілерінен құралған команда бірнеше пиксель қабылдауға мүмкіндігі бар әрі 64 есе ұлғайтылған сапада нақты көрсететін әдісті ойлап тапты. Екі нейро-желіден тұратын машиналық оқыту құралын пайдалану арқылы бет пішіні пиксельмен жабылған адамдардың суретін анықтауға болады. Бір желі жасап жатқан адамдарға ұқсайтын жасанды бет пішінді, ал екіншісі шынайы суретке ұқсас қорытынды жасайды.
Дегенмен, жасанды интеллект көрсеткен нәтижені 100% дәл деуге болмайды. Нейро-желі өмірде жоқ адамды немесе соған ұқсас адамның бет пішінін жасап беруі де мүмкін. Сондықтан ғалымдар жасанды интелектіні адамдарды анықтау үшін қолдануды құптамайды.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.