Әлеуметтік желілерде “Қазақстанда Оңтүстік Кореядан тыс алғашқы KIA зауыты салынды” деген тақырыпта ақпарат тарап жүр (1,2,3,4). Ақпаратқа сенсек, бұл KIA компаниясының Оңтүстік Кореядан тыс ең алғашқы салған зауыты екен және бұл жобаға 130 млрд теңге инвестиция құйыпты. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді,

Үкім: Манипуляция
Ресми ақпарға сай, KIA Motors Қостанайдағы зауыты компания тарапынан толықтай қаржыландырған, яғни өзі инвестиция құйған Кореядан тыс алғашқы зауыт. Осы туралы жазған кейбір сайттар кликбейт тақырып қойған, Жалпы KIA компаниясының Қазақстаннан бөлек Қытайда (2 зауыт), Словакияда, АҚШ-та, Мексикада, Үндістанда (2 зауыт), Вьетнамда және Жапонияда зауыттары бар.
Қостанайда KIA зауытының құрылысы 2023 жылы қарашада басталған. KIA Motors компаниясын бұл жобаны толықтай өзі қаржыландырады, жоба шамамен 250 млн доллар бағаланып отыр. Зауыт құрылысы аяқталған соң 1500 жұмыс орны ашылып, жылына шамамен 70 мың автокөлік құрастырыл шығарылмақ. Зауыт осы жылдың шілде айында KIA модельдерін пилоттық режимде құрастыра бастайды.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.