Factcheck.kz Уәделер күнтізбесін іске қосады. Бұл жоба Қазақстанның лауазымды тұлғаларының берген уәделері мен анонсталған жоспарларының орындалу барысын бақылауға көмектеседі.

Сайтта шенеуніктердің берген уәделері қазақ және орыс тілдерінде жинақталып, олардың орындалу мерзімдері көрсетіледі. Бұл құрал уәделерді қадағалаудың фактчекингтік форматына жатады және бұқараны шенеуніктердің мәлімдемелері мен әрекеттерін бақылауға көмектесуге шақырады.
Уәделерді қадағалау форматы туралы толығырақ сайттың ақпараттық бөлімінен оқи аласыз.
Жоба “Сорос-Қазақстан” Қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.