Кейінгі бірнеше күнде көршілес Өзбекстанда “сақал қойған ер азаматтарға жаппай айыппұл салып жатыр” деген ақапарат тарады (1, 2, 3, 4). Ақпаратқа сай, бұндай жағдай көбіне Самарқан, Әндіжан, Ферғана және Джизак өңірінде болып жатыр. Аталған ақпараттың анық-қанығын Factcheck.kz тексеріп көрді.
Үкім: Манипуляция
Өзбекстан Республикасының әкімшілік жауапкершілік туралы Кодексі, 184-4 бабына сәйкес қоғамдық орындарда жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін, бет әлпеті толық көрінбейтін немесе жабық жағдайда жүруге тыйым салынады. Яғни бұл жерде тек сақал қою ғана емес, сондай-ақ бет әлпетті жабатын кез келген жағдайды қарастыруға болады. Мысалы Ташкент облысы Зангиот ауданында маска таққан әйелге бет әлпетін жапқаны үшін айыппұл салған.
Бұл түзетулер 2023 жылдың 31 қазанында ресми қабылданды. Заңға сәйкес тәртіп бұзған азаматтарға 10-15 базалық есептік шамада айыппұл қарастырылады, бұл дегеніміз – 3,4 млн сумнан 5,1 млн сумға дейін. Бүгінгі күнге дейін осы бап бойынша 789 іс тіркелген.