Алматыда коронавирусқа байланысты суды өшіру туралы хабар жалған болып шықты

WhatsApp желісінде Алматыда су арнасы дезинфекцияға жабылып жатыр деген хабар таратылды. «Казинформ» ХАА хабарлауынша «Алматы су» кәсіпорны бұл хабарламаға түсініктеме берді.

«Алматы қаласында сумен жабдықтау қызметі үздіксіз жұмыс істеуде. WhatsApp мессенджері арқылы Алматыда төрт күнге су өшіріледі деген ақпарат шындыққа сай емес. Аталған кезеңде суды өшіру жоспарланбаған», – дейді кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Хабарламада сумен жабдықтау желілерінде жоспарланған жұмыстар туралы ақпаратты тұрғындар кәсіпорынның ресми сайтынан көре алатыны айтылған.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz