Ғалымдардың біздің заманамызға дейінгі құрттарды жібіткені рас па?

2020 жылдың 21 қазанынан бастап әлеуметтік желілерде «ресейлік ғалымдардың біздің заманамызға дейінгі құрттарды жібіткені» туралы посттар жаппай тарала бастады. Посттың мазмұны, шамамен мынадай:

2020 жыл әлі аяқталған жоқ: Ресей ғалымдары біздің заманамызға дейінгі бірнеше құртты ерітті және олардың екеуі тірілді!

Пост әртүрлі, айтарлықтай әсерлі және қорқынышты картиналармен берілген және ол көптеген мемге айналды. Біз оқырмандардың өтініші бойынша қысқаша талдау жасадық.

Үкім: Шындық (кликбейт)

Шын мәнінде, әлгі біздің заманамызға дейінгі құрттарды (дәлірек айтқанда, нематод құрттары) 2018 жылы еріткен. Демек, бұл жаңалық емес. Көптеген медиаресурс кликбейт арқылы көрілім жасап, бұл ақпаратты өзекті деп берген. Мұны манипуляция деуге де болар еді, алайда көптеген жарияланымда нақты жылы көрсетілген.

2018 жылдың 16 шілдесінде ғалымдардың көпжасушалы организмдердің криобиозға қабілеттігін дәлелдеудегі табысын сипаттайтын ғылыми мақала жарық көрді. Мақаланың сипаттамасында айтылғандай, содан кейін көпжасушалы организмдердің ұзақмерзімді криобиозға қабілеттігін көрсететін алғашқы мәліметтер алынды. Panagrolaimus aff. detritophagus (Rhabditida) және Plectus aff. parvus (Plectida) деген нематодтар Колым  ойпатындағы плейстоценнің мұздатылған шөгінділерінен алынған. Бұл нематодтардың табиғи криоконсервациясының ұзақтығы 30-40 мың жыл деп есептеледі. Олардың жасын бұдан да дәлірек анықтау өте қиын. Мысалы, бұл туралы «Газета.ру» жазды.

Бұл жаңалық (зерттеуге арналған үлгілердің заманауи нематодтармен зақымдану мүмкіндігін жоққа шығаратын болсақ) криомедицинаның дамуына және тірі ағзаларға экстремал температура қалай әсер ететінін түсінуге көп мүмкіндік береді.

Егер тәжірибе жеткілікті түрде зарарсыздандырылған болса (әзірге бұған күмәндануға ешқандай себеп жоқ), онда бұл көпжасушалы организмдердің мәңгі мұзда болғаннан кейінгі «тірілуінің» алғашқы құжатталған жағдайы болды. Төменде бұл микроскопиялық құрттардың шын мәніндегі суреті берілген. 

Viable Nematodes from Late Pleistocene Permafrost of the Kolyma River Lowland | Semantic Scholar

PubMed мақаласындағы фото

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz