Кейінгі уақытта қазақстандықтарға qazpost.kz-work.beauty/check сілтемесімен пошта хабарламасы келіп жатыр. Хабарламада «Қазақстан поштасы: Сіздің пакетіңіз қоймаға келді, бірақ мекенжай ақпараты толық болмағандықтан жеткізу мүмкін емес. Сілтемеде мекенжайыңызды растаңыз.» мәтіні жазылған. Күмәнді хабарлама туралы Factcheck.kz зерттеп көрді.

Үкім: Алаяқтық
Қазпошта қызметінің баспасөз хатшысы Factcheck.kz-ке берген жауабында бұл кезекті алаяқтық әдісі екенін хабарлады. Сондай-ақ, осыған дейін де Қазпошта қызметінің жалған сайтын қолдану арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер анықталған. (1, 2, 3, 4)
Бұл – алаяқтардың зеркалды веб сайттары. Негізінен алаяқтар Qazpost.kz-тен қажетсіз элементтері бар сайт атауында жібереді. Қазпошта суреттегідей пошта адрестерден жазбайды.
Қазпошта АҚ-ның баспасөз хатшысының жауабы
Осындай хабарлама келсе не істеу керек?
Хабарламада көрсетілген сілтемелерге жеке деректеріңіз мен банк деректерін енгізбеңіз. Ешқашан ешкімге жеке банк картаңыздың нөмірін немесе картаның артындағы үш таңбалы CVV кодын жібермеңіз. Қазпошта қызметінің ресми нөміріне хабарласып, нақты ақпаратты біліп алыңыз. Алаяқтық әрекет екеніне көз жеткізгеннен соң жіберушіне блоктап, хабарламаны өшіру ұсынылады. Бұл туралы таныстарыңызға ескертіңіз.
Жалған SMS-ті қалай тануға болады?
Жеке деректерді сұрау: Қазпошта ешқашан жеке деректерді немесе мекенжайды SMS сілтемелері арқылы растауды талап етпейді. Деректер мен мекенжайларға барлық өзгертулер филиалдарда немесе post.kz ресми сайты арқылы жеке жүзеге асырылады.
Сенімсіз сілтемелер: Қазпошта АҚ-ның ресми сайты — post.kz. Ал, алаяқтар осыған ұқсас мекенжайларды жасайды, мысалы:
- qazpost.kz-send.cyou
- qazpost-delivery.info
- kazpost.at
- kzpost.at/get/2337040933
Мұндай сілтемелерге кірмеңіз.
Күмәнді хат жолдаушы: Пошталық қызмет туралы Qazpost-тан келетін хабарламалар ресми 1499 қысқа нөмірінен жіберіледі. Ал, алаяқтар негізінен электрондық пошта мекенжайларын немесе шетелдік операторлардың нөмірлерін пайдаланады.
Мәтіндегі қателер: Алаяқтық хабарламаларда көбінесе қате сөйлемдер жазылады. Тікелей аударма арқылы жасалған мәтіндерде грамматикалық қателер байқалады. Мысалы: «Сілтемені белсендіру үшін оны қайта ашыңыз»
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.