Журналист Думан Мұхаммедкәрімді 90 күнге карцерге қамап тастады. «Тіл кеспек жоқ» хабарлауынша, бұл туралы белсенді Абзал Достияр Facebook-парақшасында жазған. Ол Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі Алмас Тілепов хабарлағанын айтады.
Белсендінің жазуынша, Думанды жұмыс істеуден бас тартқаны үшін қамаған. Журналисті бұған дейін де түрме киімін кимегені үшін 60 күнге карцерге қамап тастаған.
Былтыр тамызда Думан Мұхаммедкәрім «экстремизмді қаржыландырды» және «тыйым салынған ұйым жұмысына араласты» деген айыппен жеті жылға сотталған. Журналист өзіне тағылған айыпқа келіспей, бірнеше рет қарсылық көрсетіп, аштық жариялаған. Қарашада апелляциялық сот Думан Мұхаммедкәрімнің үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Басты беттегі сурет «Азаттық радиосынан» алынды.